Елді-мекен дегеніміз не?
Құрылыс жүргізілген бір жер телімінің шеңберінде тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттар, мәдени тұрмыстық құрылыстар тұрғызылған, адамдар тұрақты тіршілік ететін жер.
Механикалық өсім дегеніміз не?
Иммигранттар мен эмигранттардың саны арасындағы айырмашылық, мемлекет халқы санына тікелей әсер етеді.
Урбандалу дегеніміз не?
Қалалардың аумақтарының ұлғаюы, қала тұрғындарының санының артуы және қалалық тіршілік салтының кеңінен таралуы.
Дүниежүзіндегі қазақ этносының саны қанша?
16 млн адам, оның 12,3млн-нан астам адамы Қазақстанда тұрады.Тағы да 3,7 млн адам шетелдерде тұрады.

Қазақстандағы қала, кент және ауылдық елді-мекен саны қанша?
87 қала, 30 кент, 6668 ауылдық елді-мекен бар
Ішкі көші-қон нешеге бөлінеді?
3-ке:Облысішілік, облысаралық, ауданаралық
Урбандалу түрлері нешеге бөлінеді және оларды атап беріңіз?
2-ге: жалған және қосалқы
Диаспора дегеніміз не?
Диаспора- грек тілінен аударғанда шашырап орналасу деген мағынаны білдіреді.
Елді - мекендердегі функционалдық аймақтар нешеге бөлінеді?
3 ке: тұрғын аймақ, өндірістік аймақ, рекреациялық аймақ
Ішкі көші-қон дегеніміз не?
Бір елдің ішінде орын алған көші-қон.
Қазіргі кездегі урбандалу басты себептері қандай?
-ауылдық жерлерде жұмыс күшінің артық болуы, -үлкен қалаларда өмір сүру жағдайларының әлдеқайда қолайлы болуы, -ауқымды қала маңы аймақтарының пайда болуы.
Этнос дегеніміз не?
бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.

Елді-мекендерді жоспарлау құрылымы қандай?
Тікбұрышты жоспарлау, сызықтық жоспарлау, көпөзекті жоспарлау, еркін жоспарлау.
Сыртқы мигранттардың келуі бойынша көшбасшы қай қалалар?
Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент
Қазақстанның қала агломерациялары?
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе
Елімізді ұстанатын дәстүрлі діндер қандай?
Сүннит ислам, православиелік христиан
Еркін жоспарлау дегеніміз не?
Елді-мекеннің қандай да бір геометрпиялық пішіні болмайды, құрылыс салу еркін түрде жүзеге асады. Мұндай құрылымның артықшылығынан кемшіліктері көп болады.
Көші-қонның орын алу себебі қандай?
Әлеуметтік-экономикалық;
Саяси;
Әскери;
Табиғи-климаттық;
Жеке басқа қатысты себептермен.

Агломерация дегеніміз не?
Тығыз орналасқан өндірістік, еңбек, мәдени-тұрмыстық, рекреациялық қарым-қатынастармен біріктірілген, бір-біріне жақын жатқан қалалар, ауылдар мен кенттер тобы.
Қанша конфессия өкілдері бар және оларды ата.
18
Сүннит, шиит, протестант, проваслав, католик, ваджраяна, махаяна, иудаизм, буддизм,Зейдизм,Имамизм,Исмаилизм,Хариджизм.