Цифрлық телевизия дегеніміз не?
Сандық форматта телесигнал тарату технологиясы
Оқу видеосының басты мақсаты қандай?
Материалды көрнекі түсіндіру.
Сурет сабақта не үшін қолданылады?
Ақпаратты визуалды көрсету үшін.
Аудиоматериал дегеніміз не?
Дыбыстық форматтағы оқу материалы.
Мультимедианың негізгі мақсаты қандай?
Оқуды көрнекі әрі түсінікті ету.
Цифрлық теледидардың аналогтық теледидардан артықшылығы?
Дыбыс пен бейне сапасы жоғары.
Видеоны сабақта қолданудың бір артықшылығын атаңыздар
Күрделі үдерістерді көрнекі көрсетеді.
Сурет арқылы ақпаратты қабылдаудың қандай түрі жүзеге асады?
Визуалды қабылдау.
Аудио қай тілдік дағдыны дамытуда тиімді?
Тыңдалым.
Мультимедиаға қандай материалдар жатады?
Мәтін, сурет, аудио, видео, анимация
Білім беруде цифрлық телевизияны қалай пайдалануға болады?
Танымдық және оқу бағдарламаларын көрсетуге.
Видеоны тоқтатып, қайта көрудің пайдасы қандай?
Материалды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Инфографика дегеніміз не?
Ақпаратты графикалық түрде ұсыну.
Подкастты білім беруде қалай қолдануға болады?
Дәріс пен оқу ақпаратын тыңдауға.
Мультимедиа оқушының қандай белсенділігін арттырады?
Танымдық белсенділігін.
Интерактивті цифрлық телевизияның ерекшелігі қандай?
Көрерменмен телебағдарламамен тікелей әрекеттесе алады.
Ұзақ оқу видеосын тиімді ету үшін не істеу керек?
Қысқа мағыналық бөліктерге бөлу.
Суретті таңдауда қандай талап маңызды?
Сабақ тақырыбына сәйкес әрі анық болуы
Аудиоматериалдың маңызды сапалық талабы қандай?
Дыбыстың анық әрі түсінікті болуы.
Бірнеше медиа түрін бірге қолданудың пайдасы?
Ақпаратты әртүрлі жолмен қабылдауға көмектеседі.
Цифрлық телевизия қашықтан білім беруге қалай көмектеседі?
Оқу контентін қашықтан кең аудиторияға жеткізеді
Видеоның білім берудегі тиімділігін не арттырады?
Мақсатқа сай мазмұн және тапсырмалармен үйлестіру.
Күрделі ақпаратты суретпен берудің басты артықшылығы?
Ақпаратты ықшамдап, түсінуді жеңілдетеді.
Аудионың білім берудегі ерекше артықшылығы қандай?
Экранға қарамай-ақ материалды тыңдап үйренуге болады.
Цифрлық медианы шамадан тыс қолданудың кемшілігі қандай?
Назардың бөлінуі және ақпараттық жүктеменің артуы.