Қай ақынның жас кезі?

Абай Құнанбайұлы
«Сарыарқа» күйінің авторы кім?
С. Құрманғазы
«Ұйқыашар» деген не?
Бойжеткендердің жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы
«Міржақып. Оян, қазақ!», «Ұлт ұстазы» тарихи телехикаяларының қоюшы режиссёры кім?
Мұрат Есжан
Тұсауды ер кісіге кестіреді ме? Әйел кісіге кестіреді ме?
Екеуіне де кестіреді
Аспан бұлттанып, қара бұлт төніп, алай-дүлей жел соғып, ауа райы долданса, бұл менің әжемнің мінезі.
Кімнің сөзі?
Б.Момышұлы
Әннің атауы қандай? Авторы кім?
"Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек"
Авторы: Ш. Құдайбердіұлы
"Отыз омыртқаң жылдам бекісін,
қырық қабырғаң жылдам қатсын" - деген тілек қай кезде айтылады?
«Қырқынан шығару»
«Қыз Жібек» фильміндегі Төлегеннің рөлін ойнаған актёр кім?
Құман Тастанбеков
Суреттегі тұлғалар кімдер?

Абай мен Шәкәрім
Ақ киімді денелі ақ сақалды
Соқыр –мылқау танымас тірі жанды......
Жалғастырыңыздар
Үсті –басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
«Атамекен» әнінің авторы.
Е.Хасанғалиев Қ.Мырзалиев
Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхтар Әуезов келгенде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді. Бұл жерден ұмыт болған қай дәстүрді көреміз?
Аунату
«Міржақып. Оян, қазақ!» киносындағы басты кейіпкердің рөлін ойнаған актёр кім?
Бақыт Қажыбаев
Бір қаладан екінші қалаға барады. Бірақ қозғалмайды? Ол не?
Жол
«Адамдық борышың» өлеңінің авторы кім?
Шәкәрім Құдайберді.
Күйші Дина Нұрпеисованың ұстазы
Күйші Құрманғазы
"Бәсіре" дегеніміз не?
Шаңырақта ұл бала дүниеге келгенде сол күндері туған құлынды немесе ботаны «Нәрестенің бәсіресі» деп атау салты болған
Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш» киносындағы басты рөлді сомдаған актёр кім?
Сүйменқұл Чокморов
Екі әріптен тұратын әшекей?
Ою
Бұл өлең қалай аталады және авторы кім?
..................
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
М. Мақатев «Үш бақытым»
«Тау ішінде» әнінің авторы кім?
С. Сейфуллин
"Аушадияр" дегеніміз не?
Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең-жыр
Кеңес уақытында түсірілген қазақ комедиясы?
«Тақиялы періште»
Күні бойы бір сұрақ қойып, бірақ әр сұрағанда әртүрлі жауап алатын қандай сұрақ?
Сағат қанша болды?