"Ас-адамның арқауы" физикалық мағынасы қандай?
Энергия
Өзі затты құрайды
Теңесуге таразыны сұрайды ол не?
Масса
Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым?
Ньютон
Кім барлық тілде сөйлейді?
Жаңғырық
Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады?
Диффузия
"Көсеу ұзын болса, қол күймейді" физикалық мағынасы қандай?
Жылуөткізгіштік
Таң атпайын десе де, Күн қоймайды
Жердің өз осінен айналуы
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер?
Тоқтар Әубәкіров
Теңізде қандай тастар табылмайды?
Құрғақ
Сұйықтың буға айналу процессі?
Конденсация
"Қазан отпен адам әрекетпен қызады" физикалық мағынасы қандай?
Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері
Екі апай дауласты,
Шындық үшін күресті.
Ақиқатқа қол жеткен соң,
Дау-жанжалды тоқтатты.
Таразы
Қысымның өлшем бірлігі қай ғалымның құрметіне берілген?
Блез Паскаль
Қандай ыдыстарға су құйылмайды?
Су толы ыдысқа
Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі қалай аталады?
Конвекция
"Ит жүгіріп тазы болмас" физикалық мағынасы қандай?
Жылдамдық
Атасы қалғып, мүлгиді,
Әкесі зорға жылжиды ,
Ағасы шабан өзі жорға
Інісі жылдам , баласы жүйрік , зымырап тұрған
Жыл,күн,сағат,минут,секунд
Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы.
Александро Вольта
Неліктен су отты сөндіреді?
Су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды
Желсіз түнде жарық ай..... қандай физикалық құбылыс?
Жарықтың шағылу құбылысы
"Түйені жел соқса, ешкіні аспаннан ізде" физикалық мағынасы қандай?
Қозғалыс
Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала-шаға ұсағын,
Бауырына қысады.
Магнит
Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген ғалым кім?.
Андре Мари Ампер
Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?
Көлеңке
«кенет трамвайдың жүрісі кілт баулағанда шал ілгері лықсып, құлай жаздап қалды» «Шал мен бала» әңімесінен қандай физикалы құбылыс?
Инерция