Әлемдегі ауданы бойынша ең үлкен ел
Ресей
Жасушадағы қай органелла генетикалық ақпарат тасымалдайды?
Ядро
Күнге ең жақын ғаламшар?
Меркурий
Өзіңдікі, бірақ оны сенен гөрі басқалар жиі қолданады. Ол не?
Есімің
«Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарған хан кім?
Тәуке хан.
Америка мен Еуропа арасындағы мұхит
Атлант мұхиты
Күн сәулесінің әсерінен ағзада синтезделетін витаминді ата.
Д витамині
Егер квадраттың әр қабырғасын 2 есе арттырса, оның ауданы неше есе артады?
Жауабы: 4 есе.
Бір адам жаңбырдың астында бас киімсіз, қолшатырсыз жүрді. Бірақ шашы суланбады. Неге?
Ол таз
Орта ғасырларда «Қара өлім» деп аталған індет қалай аталды?
Оба (Чума)
Еліміздің оңтүстік тұсында орналасқан үлкен шөл алқабының атау қандай
Қызылқұм
Әмбебап донор болып табылатын қан тобын атаңыз.
І (О)
Екі санның қосындысы 20. Көбейтіндісі мүмкін ең үлкен сан болу үшін сандар қандай болуы керек?
Жауабы: 10 және 10.
Қандай сағат күніне тек екі рет дұрыс уақыт көрсетеді?
Тоқтап тұрған сағат.
Желтоқсан оқиғасына ТҮРТКІ болған шешім қандай?
Дінмұхамед Қонаевтың қызметтен алынып, орнына Геннадий Колбиннің тағайындалуы.
Непал
Алмаз бен графит бір элементтен тұрады. Ол қандай элемент?
Көміртек
Екі пойыз бір-біріне қарама-қарсы 60 км/сағ және 40 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Аралары 300 км. Олар неше сағаттан кейін кездеседі?
Жауабы: 3 сағат.
Салыстырмалы жылдамдық: 60 + 40 = 100 км/сағ, 300/100 = 3.
Электр пойыз шығысқа қарай сағатына 80 км жылдамдықпен келе жатыр. Жел батысқа қарай соғып тұр. Пойыздың түтіні қай жаққа ұшады?
Ешқайда.
Неге? Өйткені бұл — электр пойызы, одан түтін шықпайды.
Теңге қай жылы және күні енгізілді?
1993 жылы 15 қараша
Миллиондаған жыл бұрын Маңғыстау аумағын ежелгі мұхиттың сулары басып жатқан. Соның арқасында бүгін біз Бозжыра мен Шерқаланы көріп, теңіз жануарларының тасқа айналған қалдықтарын таба аламыз. Қазір оның орнында Каспий теңізі. Бұл мұхит қалай аталды?
Тетис мұхиты
Неміс ғалымы Клеменс Винклер өзі ашқан химиялық элементті туған елінің құрметіне атаған. Бұл қандай элемент?
Германий
Орбиталық станциядағы ғарышкер өзінің қол серіппелі таразысының жұмыс істейтінін тексергісі келеді. Ол таразыға массасы 1 кг жүкті іледі. Таразы нешені көрсетеді?
Нөл
Бір адам 10-қабатта тұрады. Лифтпен жоғары көтерілгенде 7-қабатқа дейін ғана барады да, қалғанын жаяу көтеріледі. Ал төмен түскенде бірден 1-қабатқа түседі. Неге?
Жауабы: Бойы қысқа болғандықтан 10-қабаттың батырмасына жете алмайды.

Жұмабек Тәшенов