Бос орынынды толтыр:
Үлкенге құрмет, кішіге ..........
Ізет
Сыныпқа жасы үлкен мұғалім немесе қонақ кіріп келді. Сынып оқушыларының ең алғашқы әрекеті қандай болуы керек?
(Жауабы: Орындарынан тұрып, сәлемдесу)
БОНУС
+100
Бос орынды толтыр:
Ана алдында — құрмет, ата алдында — .........
Қызмет
Қоғамдық көлікте отырсыз, жаныңызға үлкен кісі келіп тұрды, бірақ бос орындар бар. Сіздің әрекетіңіз қандай?
(Жауабы: Орныңызды ұсыну немесе бос орынды көрсетіп, жайғасуына көмектесу)
Дастарқан басында ең бірінші кімге төрден орын беріледі және астан ауыз тию құқығы кімге тиесілі?
(Жауабы: Жасы үлкен ақсақалға немесе сыйлы қонаққа)
Бос орынды толтыр:
Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден ........ күтпе.
Сый
Досыңыз көпшіліктің алдында қателік жасап, ыңғайсыз жағдайға қалды. Оған деген құрметіңізді қалай көрсетесіз?
(Жауабы: Көпшілік алдында күлмей, сынамай, оңашада қолдау көрсету)
«Үлкеннің алдын кеспе» деген тыйым сөздің астарында қандай тәрбиелік мән жатыр?
(Жауабы: Үлкенге жол беру, ізет көрсету, асығыстық танытпау)
БОНУС
+ 400
Әлеуметтік желіде (WhatsApp, Instagram) бейтаныс адамға немесе ұстазға хабарлама жазудың (цифрлық этикет) 3 басты ережесін атаңыз.
(Жауабы: Сәлемдесу, өзін таныстыру, кешкі уақытта мазаламау / сауатты жазу)
Қазақ дәстүрінде сыйлы қонаққа тартылатын ең кәделі табақ қалай аталады?
(Жауабы: Бас табақ)
Бос орынды толтыр:
Өзгеге жасаған ізетің - өзіңе жасаған ..........
Құрметің
Ұжымдық жұмыс кезінде екі оқушының пікірі екі түрлі болып, дау туындады. Екі тараптың да пікіріне құрметпен қарай отырып, ортақ шешімге қалай келуге болады?
(Жауабы: Әрқайсысын сөзін бөлмей тыңдап, ортақ мақсатқа сай келетін тұстарын біріктіру)
«Сәлем — сөздің анасы» дейді халқымыз. Ертеде қазақ даласында алыстан келе жатқан жолаушы мен ауыл тұрғыны кездескенде, бірінші болып кім сәлем берген?
(Жауабы: Аттылы адам жаяуға, жасы кіші үлкенге, келе жатқан адам отырған адамға бірінші сәлем берген)