Компьютер құрылғылары
Бұлтты технологиялар
SQL және деректер қоры
IT
терминология
Желілер және байланыс
100

Процессор компьютердің “миы” деп аталады. Оның негізгі қызметі қандай?

Есептеу және логикалық операцияларды орындау

100

Бұлтты технологиялар арқылы пайдаланушы интернет арқылы қандай ресурстарға қол жеткізе алады?

Деректер мен бағдарламаларға

100

Кестеден барлық бағандарды таңдау үшін қай SQL командасы қолданылады?

SELECT *

100

Формуланы көшіргенде адресі өзгермейтін сілтеме қалай аталады?

Абсолютті сілтеме

100

Мектеп немесе офис ішіндегі желі қандай сипатқа ие?

Жергілікті желі (LAN)

200

Компьютерді қосу үшін BIOS қай жадта сақталады?

ROM

200

Пайдаланушыға дайын бағдарламаларды интернет арқылы қолдануға мүмкіндік беретін модель қайсы?

SaaS (Software as a Service)

Бағдарламалық жасақтама қызмет ретінде 

200

SELECT * FROM students WHERE age > 18

 сұранысы не істейді?

18 жастан үлкен студенттерді таңдайды

200

Алгоритмді графикалық түрде көрсететін құрал қалай аталады?

Блок-схема

200

Екі түрлі желіні байланыстырып, деректер бағытын анықтайтын құрылғы қайсы?

Router

300

Ойындар мен графикалық бағдарламаларда маңызды рөл атқаратын құрылғы қайсы?

GPU (видеокарта)

300

Бір компанияға ғана арналған бұлт түрі қалай аталады?

Private cloud

300

UPDATE students SET age = 20 WHERE name = “Ali”

 не істейді?

Ali атты студенттің жасын 20-ға өзгертеді

300

LAN деген не?

Жергілікті желі

300

Қай құрылғы деректерді тек қажетті құрылғыға жібереді?

Switch

400

Компьютердің барлық компоненттеріне электр энергиясын беретін құрылғы қайсы?

Қорек көзі 

(Power Supply Unit)

400

Cloud storage не үшін қолданылады?

Деректерді интернетте сақтау үшін

400

WHERE name LIKE ‘A%’ қандай жазбаларды табады?

A әрпінен басталатын атаулар

400

Криптография не үшін қолданылады?

Деректерді қорғау және шифрлау үшін

400

Желіні рұқсатсыз кіруден қорғайтын құрылғы қалай аталады?

Firewall

500

Егер компьютерде RAM жоқ болса, не болады?

Компьютер жұмыс істемейді

500

Бұлтты технологиялардың ең үлкен артықшылығы мен кемшілігі бір нәрсеге байланысты. Ол не?

Интернетке тәуелділік

500

GROUP BY city не үшін қолданылады?

 Бірдей қалаларды топтастыру үшін

500

Процессордың негізгі қызметі қандай?

 Есептеу және деректерді өңдеу

500

Веб-беттерді ашуда қолданылатын протокол қайсы?

 HTTP

M
e
n
u