Денсаулық негіздері
Дұрыс тамақтану
Спорт және қозғалыс
Гигиена
Денсаулық туралы түсінік
5

Денсаулық сақтау үшін не істеуі керек?

Дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып, ұйқы режимін сақтау керек

5

Су адам денесінің қанша пайызын құрайды?

Шамамен 60-70%

5

Адам денсаулығы үшін күніне кем дегенде неше қадам жасау ұсынылады?

  • 10 000 қадам.


5

Тісті күніне неше рет және қанша уақыт жуу қажет?


Күніне 2 рет (таңертең және кешке) және 2–3 минут бойы.

5

Иммунитет дегеніміз не?

Ағзаның өзін түрлі инфекциялардан, вирустардан және бөгде заттардан қорғау қабілеті.

10

Адам ағзасына дәрумендер не үшін қажет?

Ағзаның өсуіне, дамуына және қорғаныш қабілетіне қажет

10

Қандай тағамдарда С дәрумені көп?

Лимон, апельсин, болгар бұрышы, қарақат

10

Таңертең ұйқыдан тұрғанда денені қыздырып, ояту үшін жасалатын жеңіл жаттығу қалай аталады?

Бой жазу (зарядка)

10

Тіс щеткасын қанша уақыт сайын ауыстырып тұру керек?


Әр 3 ай сайын (немесе ауырып жазылғаннан кейін).

10

Денсаулықты сақтау үшін медициналық тексерістен (чек-ап) қанша уақыт сайын өтіп тұру керек?

Кем дегенде жылына бір рет.

15

Иммунитеттің әлсіреуіне не себеп болады?

Дұрыс тамақтанбау ұйқының аздығы,стресс

15

Ең маңызды ас ішу уақыты. Ол адамға күні бойына қуат береді. Бұл қай уақыт?

Таңғы ас.

15

Неліктен негізгі жаттығуды бастамас бұрын «денені қыздыру» (разминка) керек?

Бұлшықеттер мен буындарды жарақаттан сақтау үшін.

15

Компьютерде немесе телефонда жұмыс істегенде «көз гигиенасын» қалай сақтаймыз?

Әр 20-30 минут сайын үзіліс жасап, алысқа қарау немесе көз жаттығуларын жасау керек.

15

Неліктен күлкі мен позитивті көңіл-күй денсаулыққа пайдалы?

Күлгенде ағзада эндорфиндер бөлініп, бұлшықеттер босайды және қан қысымы тұрақталады.

20


Адамның денсаулығына экологиялық факторлар әсері қандай? 



Ластанған ауа,су және шудың көптігі аурулардың көбеюіне себеп болады

20

Тәттілерді (кәмпит, торт) көп жеу ең бірінші қай мүшеге (немесе дене мүшесіне) зиян тигізеді?

Тістерге (кариес тудырады) және ұйқы безіне.

20

Ең көп бұлшықет тобын жұмыс істететін және тыныс алу жүйесіне өте пайдалы спорт түрі қандай?

Жүзу.

20

Бөлме гигиенасын сақтау үшін күніне не істеу керек?

  • Терезені ашып бөлмені желдету және ылғалды тазалық жасау.


20

Салауатты өмір салтының төрт негізгі тірегін атаңыз.

Дұрыс тамақтану, белсенді қозғалыс, сапалы ұйқы және жаман әдеттерден бас тарту.

M
e
n
u