сөйлем және оның түрлері
СӨЙЛЕМ мүшелері
ПЫСЫҚТАУЫШ
САЛАЛАС құрмалас
Сабақтас құрмалас
100

Баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем түрін ата.

ХАБАРЛЫ

100

Сөйлем мүшелерін ата

тұрлаулы, тұрлаусыз

100

Пысықтауыш қай сөз табының қызметін атқарады?

ҮСТЕУ

100

Салаластың түрі нешеу және олады ата

Алтау. Ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі

100

Сабақтас құрмаластың неше түрі бар, ата

Алтау.Шартты бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы, мезгіл бағыныңқы себеп-салдар бағыныңқы, мақсат бағыныңқы,қимыл-сын бағыныңқы.

200

Негізгі сұрақ қалай жасалады?

СҰРАУ есімдіктерінен және ма,ме,ба,бе,па,пе шылауларымен

200

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата

БАСТАУЫШ, БАЯНДАУЫШ

200

Пысықтауыштың мағыналық түрлерін ата

мезгіл, мекен, мақсат, амал, себеп, мөлшер

200

кейде, бірде жалғаулық шылауын жасайтын салаластың түрі

КЕЗЕКТЕС

200

Шартты бағыныңқының баяндауыштары қалай жасалады?

шартты рай, көсемше, есімше

300

Жетек сұрақ қандай шылау арқылы жасалады?

ШЕ шылауы арқылы

300

Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін қай сөйлем мүшесі?

БАСТАУЫШ

300

ҚАНША?Қалай? сұрақтарына жауап беретін пысықтауыш түрін ата

МӨЛШЕР

300

Түсіндірмелі салаластың аражігіне қандай тыныс белгісі қойылады?

қос нүкте не сызықша қойылады

300

Шартты райлы етістікке да, де шылауы жалғану арқылы жасалатын сабақтас түрін тап

Қарсылықты

400

Анықтауыш сұрақ деген не?

Екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақ

400

Құрылысына қарай баяндауыш түрлерін ата

Дара, күрделі, үйірлі

400

АМАЛ пысықтауыш қалай жасалады?

қимыл-сын үстеулерден, еліктеуіштен, көсемше тұлғалы етістіктен

400

Қарсылықты салаластың ережесін айт

Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама -қарсы болатын салаластың түрін қарсылықты салалас деп атаймыз.

400

НЕГЕ? деген сұраққа жауап беріп,болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне үшін шылауы тіркесу арқылы жасалатын сабақтас түрі?

МАҚСАТ

500

Етістік формалары арқылы, ақ, ау, ғой,ай шылаулары арқылы, одағай арқылы, интонация арқылы жасалатын сөйлем түрін ата.

ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ

500

Барыс, жатыс, шығыс, көмектес  септіктерінде тұрып жасалатын тұрлаусыз мүшені тап

ЖАНАМА ТОЛЫҚТАУЫШ

500

Ғалы, гелі, -п тұлғалы көсемшеден жасалатын пысықтауыш түрі

МАҚСАТ

500

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары қалай жасалады?

антоним, болымды-болымсыз формадағы сөздерден

500

Бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысатын, бағыныңқының баяндауышы көсемше, есімшеден болатын сабақтас түрі?

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас

M
e
n
u