Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті
Фразеологизмдер
Салт-дәстүр
Тарих
10

Тілі дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы -

фонетика

10

Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесіңдер?

Ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер, аңыз әңгімелер,т.б

10

Бүйректен сирақ шығару

Боламашы нәрседен шатақ шығару

10

Құйрық-бауыр - қай кезде жасалатын салт-дәстүр?салты.

Қазақ халқы құда түсіп сөйлесіп, құдалық бекіскенде,«Құйрық-бауыр жедік, құдай дестік, құда болдық» деп құдалықты осы кәдемен бекітеді

10

Алғаш қазақ хандығын құрғандар кімдер?

Керей мен Жәнібек

20

Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Атап жаз.

Зат е, сын е, сан е, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер

20

Шығамын тірі болсам адам болып,

Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып,

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,

Жүргенше өмір сүріп надан болып.

Өлеңнің авторы кім?


Сұлтанмахмұт Торайғыров

20

Бармағын тістеді

Өкінді

20

Кіндік шеше деген кім?

Әйел босанғанда көмек көрсетіп, нәрестенің кіндігін кесетін әйел.

Қазақтың салтындағы үлкен бір сыйлы ана, мол кәделі әйел «кіндік шеше» болып табылады. Кіндік шеше баланың екінші анасы болып саналады.

20

Үш жүздің басын қосқан ұлы хан

Абылай хан

30

Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы -

лексика

30

"Жусан иісі" повесінің авторы кім?

Сайын Мұратбеков

30

Аузынан салбырап түскендей

Айнымай ұқсаған

30

Жасау деген не? 

Жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.

30

Қазақтың соңғы ханы

Кенесары хан

40

Шылау сөздердің неше түрі бар? Атап көрсет.

Шылаудың үш түрі бар.

Жалғаулық, септеулік, демеулік

40

Ұлан асуына қарай созылған ұзақ  жол беті сиыр жалағандай. Үзіндідегі көркемдегіш құрал түрін анықта.

Сиыр жалағандай  - Теңеу

40

Инемен құдық қазғандай

қиын, ауыр

40

Жарыс қазан деген не?

Жүкті әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым.

40

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш, батыр, «Түнгі мыстандар» атанған әйелдер әуе полкінің штурман-атқышы және Қазақстанның Халық қаһарманы

Хиуаз Доспанова

50

Оқшау сөздердің неше түрі бар? Атап бер.

Оқшау сөздердің үш түрі бар. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздер

50

Мұхтар Әуезовтің "Көксерек" әңгімесінің жазылу тарихы туралы  естелік айтқан кім?

Жазушының жұбайы Валентина Әуезова

50

Үріп ауызға салғандай

сүп-сүйкімді

50

Киіт кигізу деген не?

Құдалар арасында жасалатын дәстүрлі кәденің бірі.

50

Ұлы Отан соғысында, Рейхстагқа ту тіккен, қазақ батыры -

Рақымжан Қошқарбаев

M
e
n
u