Өмірбаян
Шығармашылық
Аудармалар
Әндер
Қарасөздер
100

Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

1845 жылғы 23 тамызда қазіргі Семей облысының Шыңғыстау баурайында дүниеге келген.

100

Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңдерін ата. 

"Қыс", "Жазғытұры", "Күз", т.б.

100

Абай қандай орыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударды?

А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов, Н. А. Некрасов шығармаларын.

100

Абайдың ең танымал әндерінің бірі?

 "Көзімнің қарасы"

100

Абайдың қанша қара сөзі бар?

45

200

Абайдың руы кім?

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты, Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.

200

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің негізгі идеясы қандай?

Білім алуға, ғылымға ұмтылуға шақырады, жалқаулық пен пайдасыз әдеттен сақтандырады

200

Абай аудармашылықпен қай жылдардан бастап айналысты?

1880 жылдардан бастап жүйелі түрде аударма жасай бастады.

200

Абайдың қаншаға жуық әні бар?

27-ден астам әні белгілі 

200

Қарасөздерінде Абай қандай тақырыптарды қозғады?

Ғылым-білім, адамгершілік, еңбек, ел мінезі, дін, тәрбие.

300

Абай ең алғаш сауат ашқан жер?

Ең алғаш 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза мешіт-медресесінде оқиды.

300

Ақынның алғашқы өлеңдері кімнің атынан жарияланған?

Көкбай Жанатайұлы

300

1880 жылдардан бастап жүйелі түрде аударма жасай бастады.

«Евгений Онегин» романынан үзінділер («Татьянаның хаты», «Онегиннің хаты»).

300

«Айттым сәлем, Қаламқас» әнінің тақырыбы қандай?

Махаббат, сүйіспеншілік.

300

7-қарасөздің негізгі ойы қандай?Үзінді келтіріңіз.

Адамның жастық, ересектік, кәрілік кезеңдері сипатталып, уақытты бос өткізбей, еңбек етуге шақырады.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

400

Абайдың әйелдерінің аттары кім ?

Ділдә

Шүкіман (Әйгерім)

Еркежан

400

"Әсемпаз болма әрнеге" өлеңінен үзінді келтіріңіз.(кем дегенде 1 шумақ)

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де — бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!

Кайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

400

Крылов мысалдарын аудару арқылы Абай не жеткізгісі келді?

И.Крылов мысалын негізге ала отырып, адамдарда болатын іштарлық, қызғаныш, көре алмаушылықтың соңы немен аяқталатынын мысал арқылы көрсеткісі келген.

400

Абай әндерінің әуендік ерекшелігі қандай?

Қазақтың дәстүрлі әуені мен Батыс саз мәдениетінің элементтерін ұштастырған.

400

31-қарасөзіндегі естіген нәрсені ұмытпастыққа неше түрлі себеп бар? Тарқатыңыз.

 әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені көргенде не естігенде ғибрәтләну керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселдерінен қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

500

Абайдың қанша баласы болған? Ретімен атап беріңіз.

Бәйбішесі Ділдәдан – Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия мен Райхан, екінші әйелі Әйгерімнен – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл мен Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген

500

Абай нешінші жылы "Жаз" деген өлеңін өз атынан шығара бастаған?

1886 жылы 

500

«Жалғыз жалау», «Теректің сыйы», «Қанжар», «Асау той, тентек жиын, опыр-топыр» шығармаларын кімнен аударған?

 М. Ю. Лермонтовтан 

500

"Көзімнің қарасы" әнін нақышына келтіріп орындап беріңіз.

Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы,
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.

Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
Бар демес сендей бір

500

Бірінші қарасөзді жатқа оқыңыз.

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді Құдай сақтасын!

Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.

Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.

Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?

Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ

M
e
n
u