Ақпараттың құпиялылығы деген не?
Ақпаратқа тек рұқсаты бар адамдардың ғана қол жеткізуі.
Компьютердің ең «жылдам» бөлігі қайсы?
Процессор (CPU).
Ол барлық есептеулерді орындайды және компьютердің «миы» болып саналады.
Файлдық құрылым деген не?
Файлдар мен қапшықтардың реттеліп орналасу жүйесі.
Word бағдарламасы не үшін қолданылады?
Мәтін теру, өңдеу, құжат сақтау және басып шығару үшін қолданылады.
Windows дегеніміз не?
Windows – Microsoft компаниясы жасаған операциялық жүйе, компьютерді басқаруға және бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік вирус дегеніміз не?
Компьютерге зиян келтіріп, файлдарды бұзатын немесе жүйенің жұмысына кедергі жасайтын зиянды бағдарлама.
BIOS пен операциялық жүйенің рөлі бірдей ме? Неліктен?
Жоқ. BIOS – компьютерді іске қосады, ОС – барлық жұмыс процесін басқарады.
Файлды көшіру мен жылжытудың айырмасы?
Көшіру – файл қалады, жылжыту – орны ауысады
Excel бағдарламасының негізгі қызметі қандай?
Кесте құру, есептеу жүргізу, мәліметтерді талдау үшін қолданылады
Бастау мәзірі (Start Menu) не үшын қажет?
Бағдарламаларды ашу, компьютер параметрлеріне өту және файлдарды іздеу үшін қолданылады.
Фишинг деген не?
Пайдаланушыны алдап, оның логині, паролі немесе банк деректерін алу мақсатындағы жалған сайттар мен хабарламалар.
Шифрланған файлды ашу үшін ең басты не қажет?
Кілт (key).
Файлдың кеңейтімі не үшін қажет?
Қандай бағдарламада ашылатынын білу үшін
Word-та құжатты PDF форматында сақтау қалай орындалады?
Файл → Басқаша сақтау (Save as) → Файл түрі → PDF
Вирусқа қарсы қорғау қалай жұмыс істейді?
Антивирус зиянды файлдарды анықтап, қорғайды
Зиянды бағдарламаларды анықтау, жою және компьютерді қорғау не деп аталады?
Антивирус
Брандмауэр (firewall) қандай қауіптен қорғайды?
Рұқсатсыз желілік қосылулардан қорғайды.
Файл тұтастығын тексеру үшін қандай әдіс қолданылады?
Хэш-сома арқылы тексеру
Insert → Chart (Диаграмма) қай бағдарламада қолданылады
Excel-де кестені диаграммаға айналдыру үшін қай бөлім қолданылады?
Windows нұсқалары қандай?
Windows 7, 8, 10, 11.
Ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі мақсаты қандай?
Ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін сақтау.
Флешка қандай құрылғыға жатады?
Флешка – ақпаратты сақтау және бір компьютерден екіншісіне көшіру үшін қолданылатын тасымалдаушы құрылғы
Файл фрагментациясы деген не?
Файл бөліктерінің дискінің әр жерінде шашырап сақталуы
Microsoft PowerPoint дегеніміз
Microsoft PowerPoint — бұл презентация (слайд) жасауға арналған бағдарлама.
Windows-та виртуалды жад қалай іске асады?
RAM жетпеген кезде дискінің бір бөлігі pagefile арқылы жад ретінде қолданылады.