Шифр дегеніміз не?
Түсінікті мәтінді оқылмайтын құпия кодқа айналдыру процесі
Асимметриялық жүйеде хабарламаны жіберуші оны алушының қай кілтімен шифрлайды?
Алушының ашық кілтімен
электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) не үшін қажет?
Құжаттың авторын анықтау және оның өзгертілмегенін растау үшін
Ақпараттық қауіпсіздіктің үш негізгі принципін атаңыз (CIA триадасы)
Құпиялылық, тұтастық, қолжетімділік
Әліпбидегі әр әріпті белгілі бір қадамға (мысалы, 3 орынға) жылжыту арқылы жасалатын шифр қалай аталады?
Цезарь шифры
Шифрлау мен дешифрлау айырмашылығы қандай?
Шифрлау – ашық мәтінді кодтау, дешифрлау – оны бастапқы күйге келтіру.
Құпия хабарламаны оқу үшін алушы қай кілтті пайдаланады?
Өзінің жабық кілтін
Кез келген көлемдегі деректі бекітілген ұзындықтағы бірегей кодқа айналдыру әдісі қалай аталады?
Хэштеу
Ақпараттың рұқсатсыз тұлғаларға ашылмауын қамтамасыз ету принципі қалай аталады?
Құпиялылық
Бір әріпті бірнеше түрлі таңбамен (олардың жиілігіне қарай) алмастыру шифры қалай аталады?
Оморфондық шифр
Криптоанализ бен криптографияның қосындысынан тұратын ғылым саласы қалай аталады?
Криптология
RSA алгоритмі қандай идеяға негізделген?
RSA үлкен жай сандарды көбейту және факторизацияның қиындығына негізделген
Хабарламаның тұтастығын (integrity) тексеру үшін қолданылатын хэш-кодтың атауы?
Хабарлама дайджесі - Message Digest
Пайдаланушының жүйеге кіру кезіндегі тұлғасын тексеру процесі қалай аталады?
Аутентификация
Вернам шифрының (One-time pad) «абсолютті бұзылмайтын» болуының басты шарты қандай?
Кілт мәтінмен бірдей ұзындықта, кездейсоқ және тек бір рет қолданылуы тиіс
Қазіргі шифрлар қандай принциптерге негізделеді?
математикалық алгоритмдерге және күрделі есептерге негізделеді
Ашық кілтті жүйеде қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
Қауіпсіздік математикалық қиын есептерге және кілттердің құпия сақталуына негізделеді.
Аутентификация мен авторизацияның айырмашылығы қандай?
Аутентификация – тұлғаны тексеру, авторизация – құқықтарын анықтау.
«Brute-force» (дөрекі күш) шабуылының мәні неде?
Барлық мүмкін болатын кілт нұсқаларын рет-ретімен теріп тексеру
ГОСТ 28147-89 стандартында кілттің ұзындығы неше битті құрайды?
256 бит
Шифрлардың криптоанализге төзімділігі қалай анықталады?
Төзімділік криптоанализге қарсы тұру қабілетімен және кілт ұзындығымен анықталады.
Диффи-Хеллман алгоритмі шифрлау үшін емес, не үшін қолданылады?
Ашық арна арқылы ортақ құпия кілтті қалыптастыру үшін
Zero-knowledge proof (нөлдік біліммен дәлелдеу) концепциясының мәні неде?
Құпияның өзін ашпай-ақ, сол құпияны білетіндігіңді дәлелдеу
Криптографиялық протоколдардағы «Non-repudiation» (бас тарта алмаушылық) термині нені білдіреді?
Жіберушінің хабарлама жібергенін кейіннен жоққа шығара алмауы
Алмастыру шифрының (Substitution cipher) ең әлсіз тұсы неде және ол қалай бұзылады?
Әріптердің кездесу жиілігі сақталады; жиіліктік талдау - frequency analysis арқылы бұзылады