Аңырақай шайқасы қай жылдары орын алды?
1729-1730
Шайқас қай таудың етегінде өткен?
Шу және Іле тауларының маны
Қазақтар неліктен бірігу шешімін қабылдады?
Қазақ жеріне Жоңғар шапқыншылықтары күшейіп,көбейе бергендіктең,1726ж Ордабасы құрылтайында Қазақтар бірігу шешімін қабылдады.
Қазақ жасақтарының саны шамамен қанша болды?
30 000-35 000
Аңырақай шайқасынан қанша қазақ қаза тапты?
Қазақтардың жасағынан 8 мың жауынгер қаза тапты
Шайқас қанша күнге созылды?
40-45 күнге
Шайқастың Оңтүстігі мен Солтүстігі қай аймақтарға жатты?
Солтүстігі Балқаш , Оңтүстігі Отар даласы
Жоңғарлардың негізгі ынтасы қандай болған?
Қытай тарапынан күшейіп келе жатқан қысымға қарсы тірек аймақ табу
Аз ғана қолмен жау жайбарақат демалып отырғанда шабуылдау әдісінің орындалу жолы қандай болды?
Жау от жағып отырған кезде шағын жасақ әдейі қашқандай болып, қарсыласты белгісіз жерге еліктіріп әкетеді. Артынан көп әскер ерген сәтте негізгі қол тұтқиылдан шабуыл жасап, жауды түгел жойған.
Аңырақай шайқасы нәтижесінде, жоңғарлардан қанша жауынгер шығын болды?
Жоңғарлардан 28 мың жауынгер шығын болды
Ордабасыңдағы жиналыс нешінші жылы өтті?
1726
Шайқастың Батысы мен Шығысы қай жерлерге жатты?
Батысы Шу , Шығысы Күрті
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы Аңырақай шайқасының басталуына қалай ықпал етті?
«Ақтабан шұбырынды» қазақ халқын біріктіріп, қарсы күресті күшейтті.
Қазақтардың негізгі садақ пен найза тактикасы қандай болған?
Қазақ жасақтары садақпен,найзамен алыстан соққы жасап, қарсыластың жауынгерлік мүмкіндігін әлсіретіп,осыдан кейін ғана жақын шайқасқа кірісті
Шайқас соңында, бас қолбасшы - Әбілқайыр хан кімдер арасындағы тартыстардың себепкеріне айналды?
Аңырақай шайқасынан кейін Әбілқайыр хан қазақ халқының арасындағы ханды қолдушылар мен қарсыластары арасындағы тартыстың күшеюіне себеп болды.
Қазақ жасақтарының бас қолбасшылары кімдер болды?
Әбілқайыр хан,Қабанбай және Бөгенбай батырлар
Жер аймағы қанша шақырым жерге созылды?
200км
Қазақ жүздерінің уақытша бірігуіне қандай қауіп факторлары себеп болды?
Жоңғар тарапынан қазақ халқының әлеуметтік жағдайына қауіп төнгендіктен, жүздер уақытша бірікті
Неліктен дәл таулар мен су ағатын географиялық аймақ Қазақ әскерлері үшін тиімді стратегиялық шешім болды?
Себебі,ағатын өзең көлдер арқылы жасақтар малды суаруға мүмкіндік алып,ал таулы жерлерде жаудан тығулы ыңғайлы болды.
Бұл шайқас қазақ жасақтарының әскери беделіне қалай әсер етті?
Қазақ әскерінің соғыс қабілеті дәлелденді
Жоңғар әскербасшысымен шайқасқа шыққан кім болды?
Абылай (Сабалақ) хан
Қазақ жасақтары шайқас алдында Хантау, Сұңқар тау (кейін — Әбілқайыр тауы) аймақтарында жиналған.
Аңырақай шайқасын тек жер үшін соғыс деп қарастыру жеткілікті ме?
Бұл шайқас жер үшін ғана емес, тәуелсіздік пен мемлекеттілік үшін күрес болды.
Қазақтардың жоңғарлар мылтығына,зеңбіктеріне қарсы,дәстүрлі әскери тактикаларына мысал келтір
«ай қораланды» (жауын айналдыра сырттан қоршап алып, содан соң біртіндеп қыса түсу )
«құйрық жеу» (кетіп бара жатқан жаудың ең ақырғы жасағының артынан, екі бүйірінен тию)
Аңырақай шайқасының жағымсыз салдары қазақ тарихының кейінгі бағытына қалай әсер етті?
Бұл жағдай кейін Ресей ықпалының күшеюіне әсер етті.