Алғашқы адамдар кезеңін қалай атайды?
Тас дәуірі
Жердің табиғи серігі қалай аталады?
Ай
Абай Құнанбайұлының неше қара сөзі бар?
45
Қазақстандық әйгілі мәнерлеп сырғанаушы?
Денис Тен
Адам жүрегінде қанша қақпақша бар?
4
Түрік қағанатын құрған әйгілі билеуші?
Бумын қаған
Африка материгіндегі ең ұзын өзен?
Ніл
«Менің атым Қожа» шығармасын жазған жазушы?
Бердібек Соқпақбаев
Халықаралық хоккейде мұздағы командада бір уақытта неше ойыншы болады (қақпашы мен алаң ойыншылары бірге)?
6
Тірі организмдердегі генетикалық тұқым қуалау ақпаратын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге жауап береді?
ДНҚ
Алтын Орданың астанасы болған қала?
Сарай-Бату
Қазақстан аумағындағы ең ірі шөл?
Қызылқұм
«Көшпенділер» тарихи трилогиясының авторы кім?
Ілияс Есенберлин
Токиода Олимпиада қай жылы өтті?
2021 жылы (2020 деп аталады)
Жүйке жүйесінің негізгі жасушасы қалай аталады?
Нейрон
1917 жылы құрылған Алаш автономиясының үкіметі қалай аталды және оның төрағасы кім болды?
Үкімет Алаш Орда деп аталды, төрағасы — Әлихан Бөкейхан.
Әлемдегі тұщы судың ең көп қоры шоғырланған көл қайсы?
Байкал көлі
“Бақытсыз Жамал” романында қандай мәселелер қозғалады?
Әйел теңсіздігі, қыз баласының ауыр тағдыры.
Теннисте «үлкен шлемге» неше турнир кіреді?
4
Қанның ұюын қамтамасыз ететін элементтер?
Тромбоциттер
Қазақ хандығында «би» лауазымын алғаш жүйелі түрде енгізген тұлға кім?
Қасым хан
Евразия мен Солтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз?
Беринг бұғазы
Жүсіпбек Аймауытовтың “Ақбілек”романындағы болған жайттар Қазақстанның қай өңірінде өрбиді?
Шығыс өңірінде
Олимпиада ойындарының тарихында ең көп алтын медаль алған спортшы кім және қай спорт түрінен?
Майкл Фелпс, жүзу
Адамда ДНҚ репликациясы жасушалық циклдің қай фазасында жүреді?
S-фазада (синтез фазасы).