Абай әлемі
Алаш зиялылары
Тіл-тұғырым
Салт-дәстүрім
Халық қазынасы
100

Абайдың шын аты кім?

Ибрагим

100

Міржақып Дулатұлының қандай шығармасы халықты оятуға ықпал етті?

Оян Қазақ

100

Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

Түркі тілдер тобына жатады.

100

Қазақтың жыл қайыруында жылқы жылы нешінші орналасқан?

ЖЕТІНШІ

100

Қазақ ертегісіндегі «Қаңбақ шал» неге осылай аталған?

Өйткені өзі қаңбақ сияқты жеңіл, ұшып кететіндей кейіпкер болды.

200

Абайдың туған жері қайда?

Семей облысы, Шыңғыстау баурайында

200

Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” өлеңінің алғашқы шумағын айтыңыз.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты-

Қырандай күштi қанатты
Мен жастарға сенемiн!


200

Өз тілің - бірлік үшін ...
Мақалды жалғастырыңыз.

Өзге тілің - тірлік үшін.

200

Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, ойын-сауық өткізу қалай аталады?

Бастаңғы

200

«Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурыл тұлпардың есімі неге «Тайбурыл» болып аталған?

«Тай» – жас жылқы, «бурыл» – маңдайында ақ қылаңы бар жылқы. Яғни, оның аты түр-түсінен шыққан.

300

Абайдың бір анадан туған бауырлары кімдер?

Тәкежан, Ысқақ, Оспан

300

Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының түпкі мақсаты - қазағының көзін ашу еді. Сол себепті де ол алдымен төл әліпбиімізді жасап, оқулықтар құрастырды. Алғашқы құрастырған оқулықтарының атын атаңыз.

Тіл құрал, Оқу құрал

300

Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен халықаралық 6 тілді атаңыз.

қытай тілі, араб тілі, ағылшын тілі, испан тілі, француз тілі, орыс тілі

300

Жаңа түскен келіннің атасы мен енесіне, қайнағалары мен абысындарына, қайын сіңлілері мен қайындарына, ауылдағы жасы үлкен адамдарға өзінше ат қою дәстүрі бар. Бұл қандай дәстүр?

Ат тергеу

300

«Ер Төстік» ертегісінде Ер Төстіктің әкесінің аты кім?

Ерназар

400

Абайдың бәйбішесі Ділда кімнің ұрпағы?

Төле би

400

Наурыз мерекесімен қайта қауыштырып, қазаққа “Айтыс” өнерін қайта оралтқан, Яссауи кесенесін қалпына келтіруге ұйытқы болып, Тайқазанды елге қайтаруға мұрындық болған мемлекет қайраткері кім?

Өзбекәлі Жәнібеков

400

«Тіл өлсе, халық та жоғалады» деген нақыл сөздің авторын атаңыз.

Ахмет Байтұрсынов

400

«Ет мүшелеу» дегеніміз сойылған малдың етін жілік-жілігімен бөлшектеу. Қойдың он екі жілігін буын-буыны бойынша ажыратып бөлу «жіліктеу» деп аталады. Қазақ дәстүрінде жілік тартудың өз тәртібі бар. Жіліктерді атап беріңіз.

жамбас, ортан жілік, асықты жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, жауырын

400

Қазақ арасында «Жыланға ақ құй» деген сөз бар. Бұл ұғым қай аңызға байланысты қалыптасқан?

Ертеде бір кемпірдің жалғыз сиыры болыпты. Бір күні ол сауған сүтін жыландар келіп ішіп қояды. Кемпір оларды қуып жібермей, керісінше, арнайы ыдысқа құйып қойып жүреді. Жыландар оған ризашылықпен екі алтын ділдә әкеліп береді. Осылайша кемпірдің тұрмысы жақсарады. Ал хан ашкөздікпен жыланның інін қазып, алтын іздеп жүріп өзі жыландарға шағылып өледі. Содан «жыланға ақ құйсаң, жақсылық әкеледі» деген түсінік тараған.

500

Абайдың өсіп,кемелденуіне аналар тәрбиесінің орны ерекше екені белгілі. Зере әжесінен халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне сусындап өскен Абай, басқа да аналардан тәлім-тәрбие алды. Бұлар кімдер? Құнанбай қажының әйелдерін атаңыз.

Ұлжан, Айғыз, Күңке, Нұрғаным

500

1)"Алдар көсе" фильмі
2)"Кім кінәлі" әңгімесі
3)"Тар жол, тайғақ кешу" роман
4)"Шұғаның белгісі" әңгімесі
5)"Шернияз" пьеса
Берілген еңбектердің авторларын табыңыз.

1)Ш. Айманов
2)М. Әуезов
3)С. Сейфуллин
4)Б. Майлин
5)Ж. Аймауытов

500

Әлемде өлген тілдер қанша және олардың ең әйгілі қайта тірілген тілі қайсы?

7 мыңға жуық тіл, оның шамамен 3 мыңға жуығы жоғалуға жақын. Қайта тірілген әйгілі тіл – иврит.

500

Киіз үйдің «қазақы» және «қалмақы» деп аталатын екі түрі бар. Қазақ үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, 3 қанаттысы -«қара үй», 4 қанаттысы «қоңыр үй», 5 қанаттысы «боз үй» деп аталады. 8, 12, 18, 24,30 қанатты киіз үйлер қалай аталады?

8 қанат – Ақ ала орда
12 қанат – Ақ орда
18 қанат – Ақ шаңқан
24 қанат – Алтын үзік
30 қанат – Алтын орда

500

Халық жылдың әр мезгіліндегі табиғат құбылыстарының өткінші өзгерісін, яғни, айналып соғып тұратын ыстық-суық, қар-жаңбыр, жел-боранды “амал” деп атаған. Қазақ ұғымындағы жеті амалды атаңыз.  

Үркердің батуы, мұздың қатуы,киіктің матауы,қыс тоқсан,қарашаның қайтуы,ай тоғамы, күннің тоқырауы

M
e
n
u