табиғи пеницилинді бөліп алған ғалым
Флеминг
экзокриндік бездерді ата
бауыр
асқорыту бездері
тер, май бездері
сілекей бездері
сүт бездері
көз, жас бездері
жүйке ұлпаларының негізгі екі қызметі
қозғыштық және өткізгіштік
Адам миының негізгі бөліктерін ата.
Үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми,
Жұлынның негізгі қызметтерін ата.
Өткізгіштік – ми мен дене мүшелері арасындағы жүйке импульсін жеткізеді.
Рефлекторлық – қарапайым рефлекстердің орталығы болып табылады.
күйіс қайыратын жануардың 3-ші қарны қалай аталады және қандай процес жүреді?
- көптеген қатпарлардан тұрады, бұл қарында қорек толық қорытылып, сұйығы қанға сіңеді. Ал тамақтың қалған құрғақ ботқасы - ұлтабарға түседі
Айырша безден бөлінетін гормон және осы гормон жетіспесе не болады
Айырша без Тимозин гормонын бөледі
егер ағзада тимозин жетіспесе иммундық қасиеті төмендейді, көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, антидене түзілмейді
Нейронның дендриті мен аксонының қызметтерін салыстырып түсіндір.
Дендриттер – ақпаратты қабылдайды, ал аксон – ақпаратты келесі нейронға немесе бұлшықетке өткізеді
Үлкен ми сыңарларының сол және оң жарты шарларының қызметтеріндегі айырмашылықты түсіндір.
Сол жақ жарты шар — логикалық, аналитикалық ойлауға, сөйлеуге, есептеуге жауап береді.
Оң жақ жарты шар — шығармашылық, бейнелік ойлау мен кеңістікті қабылдауға жауапты.
жүйке жүйесі орналасуы бойынша және атқаратын қызметі бойынша қалай жіктеледі?
орналасуы: орталық және шеткі
атқаратын қызметі: соматикалық және вегетатив/автономды
Ағаштың сүрек қабатында қандай ұлпалар кездеседі?
Негізгі, өткізгіш, тірек ұлпасы
эндокриндік бездерді ата және олар бөлетін гормондарды атап шық
гипофиз - соматотропин
эпифиз - мелатонин
қалқанша безі - тироксин
қалқанша маңы безі - паратгормон
айырша без(тимус) - тимозин
бүйрек үсті безі - кортикоидтар
синапс деген не? неше бөліктен тұрады?
Синапс — екі нейронның (немесе нейрон мен бұлшықет, без жасушасының) түйіскен жері. Ол арқылы жүйке импульсі бір жасушадан екіншісіне беріледі.
Синапс үш бөліктен тұрады:
Синапсалды мембрана – импульс жіберетін нейронның аксон ұшында орналасқан.
Синапстық саңылау (қуыс) – екі мембрананың арасындағы өте жіңішке аралық (шамамен 20–30 нм).
Синапстан кейінгі мембрана – келесі нейронның (немесе эффектор жасушаның) бетінде орналасқан, импульсті қабылдайды.
Егер адам жарыққа немесе қатты дыбысқа жылдам әрекет етсе, бұл қандай ми бөлігінің жұмысымен байланысты екенін анықтап, мысалмен түсіндір.
Бұл — ортаңғы мидың бағдарлау рефлекстерімен байланысты. Ортаңғы ми жарқ еткен жарыққа көзді бұру, қатты дыбыстан кейін бас бұру сияқты әрекеттерді қамтамасыз етеді.
Рефлекс доғасы деген не және ол неше бөліктен тұрады?
Рефлекс доғасы – тітіркендіргішке жауап реакциясын жүзеге асыратын жүйке импульсінің өту жолы.
Ол 5 бөліктен тұрады:
Рецептор
Сезімтал нейрон (афферентті)
ОЖЖ бөлімі
Қозғалтқыш нейрон(эфферентті)
Жұмысшы мүше(бұлыш ет / без)
көптеген жемшөптік өсімдіктер(беде, біргүлді жасымық), көптеген көкеніс дақылдары, зәйтүн
Жерорта теңізі
науқасқа инсулин гормоны көмірсу қабылдаған сайын егу себебі
тамақтан кейін қандағы глюкоза мөлшері көтеріледі. Егер инсулин жетіспесе қант деңгейі көтеріліп кетеді. Сол үшін науқас көп көмірсу жеген сайын инсулин егеді. Инсулин тамақтағы қанттың деңгейін азайтады
Егер нейронның миелинді қабықшасы зақымданса, жүйке импульсінің таралу жылдамдығына қалай әсер етеді?
Миелин қабықшасы зақымданса, импульс баяу тарайды, себебі сальтаторлық өткізу болмайды.
үлкен ми сыңарлары бөлігінің атаулары мен қызметтерін талда
Маңдай бөлігі – ойлау, қимылды жоспарлау, сөйлеу.
Төбе бөлігі – сезімталдық пен кеңістікті бағдарлау.
Самай бөлігі – есту
Шүйде бөлігі – көру ақпаратын қабылдау мен тану.
Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығын талдап, олардың адам өміріндегі рөлін түсіндір.
Шартсыз рефлекстер – туа пайда болады, тұрақты, өмірді сақтайды (мысалы, сору, дем алу).
Шартты рефлекстер – жүре пайда болады, оқыту мен тәжірибеге байланысты (мысалы, оқу, жазу).
➡ Шартсыз рефлекстер – тіршіліктің негізі, ал шартты рефлекстер – бейімделудің негізі.
Оңтүстік Америка орталығының географиялық орны мен үй хайуанат түрлерін ата
Оңтүстік Америка батыс жағалауын бойлай орналасқан елдер.
лама, альпака, күркетауық, теңіз шошқасы
Қалқанша безінің қызметінің бұзылуынан туындайтын ауруларды атаңдар және оларға қысқаша сипаттама беріңдер.
Қалқанша безі – адам организмінде алмасу процесін реттейтін без. Оның жұмысы бұзылғанда келесі аурулар пайда болады:
Базедов (немесе Грейвс) ауруы – қалқанша безі тым көп гормон бөледі (гипертиреоз). Адамның көзі шарасынан шығып, жүрегі жиі соғады, арықтайды, жүйкесі тозады.
Микседема – қалқанша безінің гормоны азайғанда (гипотиреоз) пайда болады. Тері ісініп, сөйлеуі баяулайды, адамның зат алмасуы төмендейді.
Кретинизм – балаларда қалқанша без гормоны жетіспегенде дамитын ауру. Баланың өсуі баяулап, ақыл-ой дамуы төмендейді.
эндемиялық зоб - егер де ересек адам тамақпен және су мен жетікілікті мөлшерде йод алып отырмаса туындайды
әрекет потенциалының кезеңдерін ата және рөлін түсіндір
Деполяризация: Na⁺ иондарының енуі → мембрана іші оң зарядталады → қозу пайда болады.
Реполяризация: K⁺ иондарының шығуы → теріс заряд қалпына келеді.
Теріс және оң іздік потенциал: мембрананың тұрақты күйіне оралу кезеңдері, импульстің бағыттылығын сақтауға мүмкіндік береді.

2 санымен көрсетілген бөліктің қызметін анықтаңыз
жұлын мен сопақша мидан мишыққа, алдыңғы және ортаңғы миға және керісінше сигнал қабылдау әрі тарату
мидың жоғарғы және төменгі бөлімдерін байланыстырады
баяу ұйқы мен тез ұйқыны салыстыр
Баяу ұйқы (ортодоксальды)
Жүрек соғуы үстіртін, тыныс алуы баяулайды
Зат алмасу мен температура төмендейді
Бұлшықет босаңсиды
Ұйқының 80-85%
Бұлшықеттің, жүректің, дене мүшелерінің жұмысқа қабілеттілігі қалпына келеді
Тез ұйқы (парадоксальды)
Жүрек соғуы, тыныс алу жиілейді
Зат алмасу мен температура жоғарылайды
Бұлшықет жиырылады
Ұйқының 20-25%
Мидың жұмысқа қабілеттілігі, ойлау, ақпаратты есте сақтау, қайта өңдеу қалпына келеді