Ғұсылдың парыздары
1. Ауызды сумен шаю (мадмада). Ауызды сумен шайғанда, тамаққа дейін апарған абзал.
2. Мұрынға (кеңсірікке дейін) су тарту (Истиншақ).
3. Тұтастай тұла бойын сумен жуу. Яғни, шаш пен сақалдың түбіне, құлақ пен кіндіктің ойығына түгелдей су тиюі тиіс.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келген жылы
571 жыл
Құранда қанша аят бар?
6236 аят
Ауыз қуысындағы бактерияларды жояды және өзі қымбат тұрмайды. Сондықтан да бұл сүннетті орындау қиынға түспесе керек.
Қай сүннет туралы сипатталған?
Мисуак қолдану
Намаздың ішкі парыздары
1. Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі
2. Қиям (Тұру)
3. Қырағат (оқу)
4. Рүкүғ
5. Сәжде
6. Ақырғы отырыс
Ислам мен иман ақиқаттарын көпшілікке үйретіп, Аллаһқа емін-еркін құлшылық қылу үшін сенімді орын қажеттігі туды. Аллаһ Расулы өзі бас болып ғибадатханаға қолайлы жер іздеді.Сонымен кімнің үйі алғашқы ғибадат орны ретінде тағайындалды?
Әркам ибн Әбил Әркамның үйі немесе Дарул-Әркам үйі
Құрандағы 4-сүре
әл-Ниса
Түндегі осы амал адамның күндізгі жұмыс өнімділігіне де, денсаулығына да әсер етеді.
Адамның ұйықтағанда оң жағымен жатуы
Усама ибн Зәйдтің риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстайтын. Одан «Неге бұл күндері ұстайсыз?» деп сұрағанда қалай жауап берегн?
«Адамдардың істері Аллаһқа дүйсенбі мен бейсенбі күндері тапсырылады», – деді. Басқа бір риуаятта «Ұлы Раббыма менің істерімнің ораза ұстаған кезімде ұсынылуын қалаймын», – деген қосымша сөзі бар
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай соғыста тісі сынды?
Ухуд
Құранда неше пайғамбар аты аталған?
28
Мұсылманы осы сүннетті орындағанда шайтан өзінің көмекшілеріне: «Біз түнеуге және тамақ ішуге орын таппадық»-деп айтады.
Үйге кірер кезде және тамақ ішер алдында Аллаһты еске алу
Зекет кімдерге және қандай орындарға беріледі?
Hint : Тәубе сүресі, 60-аят
«Шын мәнінде садақалар (зекеттер), кедейкепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға), құлдарды азат етуге, қарызға батқандарға, Аллаһ жолына және қиналған жолаушыларға берілуі Аллаһ тарапынан парыз етілді»
Хижра, Мединеге қоныс аудару қай жылдары болды?
622 жылы
Құрандағы Нұһ сүресінде қанша аят бар?
28 аят
Пайғамбарымыз бір хадисінде Үмбеті бұзылған заманда кімде-кім сүннетінді ұстанса, оған қандай мөлшерде сауап бар екенін айтқан?
с. Ислам ғылымхалы
Оған жүз шейіттің сауабы бар
Иғтиқаф әдебі
1. Иғтиқафты Рамазан айының ақырғы он күнінде мешітте жасау.
2. Иғтиқаф кезінде жаман сөз сөйлемеу керек. Жақсы, шарапатты сөздер айтылғаны абзал.
3. Иғтиқаф кезінде Құран, хадис, Аллаһты барынша зікір етіп, көп салауат айтып, терең ғибадат ету керек. Жақсы киім мен хош иіс жаққан абзал.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мен сахабалар құрайыш мүшріктеріне қарсы шыққан ең алғашқы соғыс атауы
Бәдір
اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ
аятының аудармасы
Бізді тура жолға сала көр
Бұл ем түрі көптеген елдерде ғасырлар бойы қолданылған. Зерттеулер оның мигрения, буын аурулары, бедеулік ауруларына үлкен көмегі барын көрсетті. Ол күйзелісті, шаршағандықты басады.
Пайғамбарымыз (ﷺ): «Қандайда бір дәрі-дәрмекте шипа болса, ол хиджамада, балда және күйдіруде болар. Бірақ күйдіруді құп көрмес едім»-деген.