Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келген жылы
571 жыл
Құранда қанша аят бар?
6236 аят
Ауыз қуысындағы бактерияларды жояды және өзі қымбат тұрмайды. Сондықтан да бұл сүннетті орындау қиынға түспесе керек.
Қай сүннет туралы сипатталған?
Мисуак қолдану
Ислам мен иман ақиқаттарын көпшілікке үйретіп, Аллаһқа емін-еркін құлшылық қылу үшін сенімді орын қажеттігі туды. Аллаһ Расулы өзі бас болып ғибадатханаға қолайлы жер іздеді.Сонымен кімнің үйі алғашқы ғибадат орны ретінде тағайындалды?
Әркам ибн Әбил Әркамның үйі немесе Дарул-Әркам үйі
Құрандағы 4-сүре
әл-Ниса
Түндегі осы амал адамның күндізгі жұмыс өнімділігіне де, денсаулығына да әсер етеді.
Адамның ұйықтағанда оң жағымен жатуы
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай соғыста тісі сынды?
Ухуд
Құранда неше пайғамбар аты аталған?
28
Мұсылманы осы сүннетті орындағанда шайтан өзінің көмекшілеріне: «Біз түнеуге және тамақ ішуге орын таппадық»-деп айтады.
Үйге кірер кезде және тамақ ішер алдында Аллаһты еске алу
Хижра, Мединеге қоныс аудару қай жылдары болды?
622 жылы
Құрандағы Нұһ сүресінде қанша аят бар?
28 аят
Пайғамбарымыз бір хадисінде Үмбеті бұзылған заманда кімде-кім сүннетінді ұстанса, оған қандай мөлшерде сауап бар екенін айтқан?
с. Ислам ғылымхалы
Оған жүз шейіттің сауабы бар
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мен сахабалар құрайыш мүшріктеріне қарсы шыққан ең алғашқы соғыс атауы
Бәдір
اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ
аятының аудармасы
Бізді тура жолға сала көр
Бұл ем түрі көптеген елдерде ғасырлар бойы қолданылған. Зерттеулер оның мигрения, буын аурулары, бедеулік ауруларына үлкен көмегі барын көрсетті. Ол күйзелісті, шаршағандықты басады.
Пайғамбарымыз (ﷺ): «Қандайда бір дәрі-дәрмекте шипа болса, ол хиджамада, балда және күйдіруде болар. Бірақ күйдіруді құп көрмес едім»-деген.