Компьютерде 6 файл бар еді. Тағы 2 файл қостың. Барлығы неше файл болды?
Жауап: 6 + 2 = 8 файл
Компьютерде ақпаратты экранға шығаратын құрылғы қалай аталады?
Монитор
Бұл программада сурет салуға болады. Қалам, өшіргіш және түрлі түстер бар. Компьютерде қарапайым сурет салу үшін қолданылады.
Paint
Флешкада 20 МБ орын бар. Оның 5 МБ-ы қолданылды. Қанша бос орын қалды?
Жауап: 20 – 5 = 15 МБ
Мәтін енгізуге арналған құрылғы қалай аталады?
Пернетақта
Бұл программа мәтін жазуға арналған. Онда хат, шығарма, құжат жазуға болады. Сөздерді үлкейту, қалыңдату мүмкіндігі бар.
Microsoft Word
ір папкада 4 файл бар. Осындай 3 папка болса, барлығы қанша файл болады?
Жауап: 4 × 3 = 12 файл
Экрандағы нысандарды басқаруға арналған құрылғы қалай аталады?
Тышқан
Бұл программада слайдтар жасалады. Сурет, мәтін, анимация қосуға болады. Сабақта презентация жасау үшін қолданылады.
PowerPoint
Компьютерде 50 МБ бос орын болды. Сен 10 МБ және 15 МБ екі файл сақтадың. Қанша бос орын қалды?
Жауап: 50 – (10 + 15) = 25 МБ
Компьютердің барлық есептеулерін орындайтын негізгі құрылғы қалай аталады?
Процессор
Бұл программада блоктар арқылы код жазылады. Кейіпкерлерді қозғалтып, ойын жасауға болады. Бағдарламалауды үйренуге арналған.
Scratch
Бір файл 5 МБ орын алады. Осындай 6 файл сақталды. Кейін 10 МБ орын босатылды (файлдар өшірілді). Қазір қанша МБ орын қолданылып тұр?
5 × 6 = 30 МБ
30 – 10 = 20 МБ
Ақпаратты компьютерге енгізетін құрылғыларды ата (кемінде 2)?
Пернетақта, тышқан (сонымен қатар сканер, микрофон да болады)
Бұл жүйеде робот күрделі миссияларды орындай алады: лабиринттен өту, затты анықтау, сызық бойымен жүру. Ол датчиктер арқылы шешім қабылдайды.
LEGO MINDSTORMS EV3