Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
12 дауысты дыбыс.
«Қобыланды батыр» жырының басты кейіпкері кім?
Қобыланды.
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
Түркі тілдер тобына.
«Отан — ___» (толықтыр)
Отан — оттан да ыстық.
Қазақтың ұлттық аспабының бірі?
Домбыра.
Жуан дауысты дыбыстарды ата.
а, о, ұ, ы, у.
Абай Құнанбайұлы қай жылы туған?
1845 жылы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақ тілі.
«Тіл – ___» (толықтыр).
Тіл – халықтың қазынасы (немесе айнасы).
Атамекен» әнін орындаған әнші?
Роза Рымбаева.
«Бара жатырмын» сөз тіркесіндегі етістіктің шақ түрі қандай?
Осы шақ (қалыптасып келе жатқан).
«Менің атым Қожа» повесінің авторы кім?
Бердібек Соқпақбаев
Қазақ хандығы қай жылы құрылған?
1465–1466 жж.
«Еңбек түбі — ___» (толықтыр)
Еңбек түбі – береке.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
Tоқтар Әубәкіров.
«Отан» сөзін септеліктерін ата
Атау: Отан
Ілік: Отанның
Барыс: Отанға
Табыс: Отанды
Жатыс: Отанда
Шығыс: Отаннан
Көмектес: Отанмен
«Қыз Жібек» жырының басты кейіпкерлерін ата.
Төлеген мен Жібек.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің бірін ата.
«Әліпби», «Тіл – құрал».
«Бірлік бар жерде ___ бар» (жалғастыр).
Бірлік бар жерде тірлік бар.
«Менің Қазақстаным» әнінің авторлары кімдер?
Шәмші Қалдаяқов (әні), Жұмекен Нәжімеденов (сөзі).
Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата.
Салалас, сабақтас, аралас.
Жамбыл Жабаев кім болған?
Жыршы, ақын, айтыскер.
«Алаш» партиясының басты мақсаты не болды?
Қазақ халқының тәуелсіздігін, теңдігін қорғау.
«Туған жердің түтіні де ыстық» мақалының мағынасын түсіндір.
Туған жердің бәрі қымбат, қасиетті, қашан да ардақты.
қазақтың атақты биі, «Дала данышпаны» атанған кім?
Төле би (сонымен қатар Қазыбек би, Әйтеке би де әйгілі билер).