Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
30 тамыз 1995 жыл
Тұңғыш рет адамзат баласы ғарышқа ұшқан станция?
Байқоңыр
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының Бас қаһарманы, небәрі 22 жыл ғұмыр кешкен кім?
Қайрат Рысқұлбеков
Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ батыры кім?
Рақымжан Қошқарбаев
(100 жыл)
Елімізде ЭКСПО Халықаралық мамандырылған көрме қай жылы және қандай тақырыпта өткізілді?
ЭКСПО – 2017
«Future Energy
Болашақ энергиясы»
Тіл туралы заң қашан қабылданды?
22 қыркүйек
1989 жыл
Қазақстан Республикасында қанша млн адам және шамамен қанша ұлт өкілі тұрады?
20 млн адам
130-дан астам ұлт
Желтоқсан оқиғасына арналған қандай екі ән елімізде кең жайылып танылды?
«Желтоқсан желі»
«Қарабауыр қасқалдақ»
Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында Сталинге нақты ұсыныстар жасап, ашық хат жазған кім?
Тұрар Рысқұлов
(130 жыл)
Қай жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өкілеттігін тоқтатып, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланды?
2019 жылы
19 наурыз – 9 маусым
ҚР рәміздері қашан қабылданды?
4 маусым
1992 жыл
Алғашқы қазақстандық ақшалар қай қалада шығарылды?
Лондонда
1986 жылы желтоқсан айында халықтың алаңға шығып, көтеріліс жасауының себебі неде?
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Геннадий Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы тағайындауы түрткі болды.
1804 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, 1836-1838 жылғы шаруалар көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі
Махамбет Өтемісұлы
(220 жыл)
2017 жылы 17 сәуірде Елбасы Жарлығымен болашаққа бағдар ретінде ұсынған бағдарламасы атауы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
ҚР Халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды?
1 наурыз
1995 жылы
Бұл екі ел арасындағы шекара әлемдегі құрлықпен өтетін ең ұзын шекара. Оның ұзындығы - 7 512 км. Ол қандай елдер?
Қазақстан мен Ресей
Желтоқсан көтерілісіне дейін Мемлекетті басқарған кім?
Дінмұхамед Қонаев
1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген, «Алашордашыл-ұлтшылдар» атанып, жазықсыз жазаланған тұлғаларды атаңыз
С. Сейфуллин
Б. Майлин
І. Жансүгіров
(130 жыл)
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізінде жастарды тәрбиелеудегі үштаған ұғымы арқылы көрініс тапты. Ол қандай принцип?
«Әділетті Қазақстан –
Адал азамат –
Озық ойлы ұлт»
Қай уақытта ҚР Біріккен ұлттар Ұйымының толыққанды мүшесі болды?
2 наурыз
1992 жылы
Қазақстанның екі ескерткіші ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұрасының қатарында. Оларды ата?
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Тамғалы тас кешені
Желтоқсан оқиғаларына қарамастан 3 жыл қызметін жасағанҚазақстан КП ОК хатшысынан соң, оның орнына кім келді және елді қанша жыл басқарып келді?
Нұрсұлтан Назарбаев, 30 жыл
Ол ғалымның есімі ҚР Ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітілді. Ол қай күн және кімнің құрметіне жасалды?
Қаныш Сәтбаев
(125 жыл)
ҚР үшін 2021 жылы маңызды әрі атаулы күн тойланып өтті. Қандай мереке?
ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы