Қазақ тарихы
Ислам тарихы
Фикх
Ақида
Сира
Бұл кім?
сахабалар
10

Кіші жүздің соңғы ханы кім?

Шерғазы Айшуақұлы

10

Тарих сөзі араб тілінен алғанда қандай мағына береді?

оқиғалар туралы әңгіме,уақытты жазу 

10

Мәсіге мәсих тарту қай уақыттан басталады?

Дәрет бұзылғаннан бастап

10

Асхаби ямин деп кімдерді айтады?  

Амал дәптері оң жақтан берілгендер

10

Бану Амр тайпасынан болған сахабалар аср намазы кезінде екі рәкәғатын Бәйтул-Мақдиске, екі рәкәғатын Қағбаға қарап оқыған мешіт қалай аталады?

Мәсжид әл Қиблатайн-Екі құбылалы мешіт

10

Меккеде Қағбаның ішінде туылған сахаба?

Хаким ибн Хизам (р.а.)

20

Ресей империясы Қазақстан жерін отарлауды қандай мақсатпен жүргізді?

Табиғи ресурстар мен жерді иелену үшін

20

Тарихта алғаш болып сауда-саттықты жүйелі түрде жолға қойған, бұл жайында Құрайш сүресінің 2-аятында («олардың қысқы және жазғы сапарлары») ишара етілген адам кім?

Һашим (Амр) ибн Абдуманаф

20

Жаназа намазын оқу үкімі?

парыз кифая

20

Куфр жүхд деген нені білдіреді?

Біле тұрып күпірлік жасау.

20

Пайғамбарымыз ﷺ көзі тірісінде жалғыз қатыспаған шайқасы?

Му'та шайқасы

20

Ухуд соғысында жаралған пайғамбарымыз (с.а.с) бетінен аққан қанды сорып түкіріп отырған сахаба

Малик ибн Синан (Алла оған разы болсын)

30

«Қазақ» газетіне жарияланған «Тағы соғыс» мақаласының авторы кім?

М. Дулатұлы.

30
Әбу Бәкір р,а халифалық кезеңі?

632-634 жыл

30

Риуаят бойынша «Онда (Құба мешітінде) тазалануды жақсы көретін адамдар бар. Алла тазаланушыларды сүйеді» (Тәубе, 108) деген аят төменде берілгендердің ішіндегі қай тақырыпқа қатысты түскен?

Истинжа

30

Алланың Уахданият сипаты қандай мағынаны білдіреді?

Жалғыздық

30

Пайғамбар ﷺ Миғраж оқиғасында бір топ адамдардың қасынан өтеді. Ол адамдар өзінің жез болған ұзын тырнақтарымен беттерін, денелерін тырнап жатыр. Олар кімдер?

Өсекшілер мен ғайбатшылар

30

Ансарлық сахаба. 7-8 жасында Пайғамбар ﷺ жанына келген. Пайғамбар ﷺ ол үшін дұға еткен: «Алла сенің өміріңе, малыңа және ұрпағыңа береке берсін» деп. Ол 1 ғасыр өмір сүрген. Одан бай адам, баласы көп адам болмаған. Көп хадис риуаят еткен.

Әнәс ибн Малик

40

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басты себебі:

19–43 жастағы ерлерді тыл жұмыстарына алу туралы жарлық.

40

Омар р,а -ды өлтірген Ирандық тұтқын есімі?

Әбу Лулу

40

Дәрет қысып тұрғанда намаз оқудың үкімі 

мәкруһ

40

Иханет деген не?

«иханет» ‑ жалғаншы, күнәһар кісінің жасаған ісінің жалғандығын айғақтайтын, табиғат заңдылықтарына қайшы келетін жағдайлар. Жасаймын дегенін жасай алмай, болады дегені болмай қалу.

40

Бәдір шайқасы орын алған жазық қалай аталады?

Сафауан

40

Азан шақырып қойған есімі - Амир. «Үмбетімнің сенімдісі» деген атқа ие болған. Мұхажирлер мен Ансарларды бауырластырғанда оның бауыры Сағд ибн Муаз болды. Пайғамбар ﷺ бұл кісіні кетіктердің ең әдемісі деген.

Әбу Убайда ибн Жаррах

50

Кенесары Қасымұлы көтерілісі неден туындады?

Ресей империясының салық саясатына наразылықтан.

50

Қурайшқа дейін Меккеде билік еткен қай тайпа?

Хузаға тайпасы

50

Шошқа баққан немесе оның етін сатқан адам өлсе оған жаназа намазы намазы оқыла ма?

Доңыз етін сатқанда баққанда шариғат бойынша күнәһар, бірақ ол діннен шықпайды ,сол себепті ондай кісі дүниеден өтсе жаназасы оқылады

50

Куфр инади деген нені білдіреді?

Қырсығып иман келтірмеу

50

Пайғамбар с,а,с ның өмірінен ұлы көркем өнегелерді алатын адамдар ? 

Раббысымен жолығатын сәтті үміт еткендер; Қиямет күні (сот күніне) сенген адам; Алла Тағаланы көп еске алатындар

50

Исламға қатты қарсы болған, кейін иманға келгенде мұсылмандар ашық намаз оқи бастады. Өмірінің 35 жылын жәһилия дәуірінде өткізсе, 30 жылын мұсылман боп өткізген. Ұлы сахаба Хамза (р.а.) исламды қабылдаған соң 3 күннен кейін исламды қабылдаған.

Омар ибн Хаттаб

60

Тарихи математикалық есептің жауабын табыңыз : мыс+қалайы = ?

Қола

60

Надандық дәуірінде қажыларға су үлестіруші қызметін атқарушыны кім деп атайтын?

Сиқоя

60

Қай кезде иғтикаф уәжіп болады?

Кім иғтикаф жасауға уәде берсе , оған иғтикафты орындау уәжіп болады

60

Ширки истиқлал деген Аллаға серік қосудың қай түріне жатады?

екі құдай қабыл етумен серік қосу

60

Һижреттің 6 жылының соңында Пайғамбар ﷺ Амр ибн ад-Дамри арқылы Нәжәшиге жіберген хатында қай сүренің аяттары жазылған?

Әли-Имран сүресі, 64 аят

60

Һижреттің 9-жылында ең соңғы Ислам қабылдаған сахабалардың бірі. Намазда Жәсиә сүресінің 21-аятымен таң атырған әулие сахаба. Ибраһим пайғамбардың қонақжайлық сипатын ұстанған әулие сахаба.

Тәмим әд Дәри

M
e
n
u