1
2
3
4
5
100

UNESCO (2020) дерегіне сәйкес, инклюзивті білім сапасының 40%-ы неліктен төмендейді?

Мамандардың жетіспеушілігіне байланысты (дефектолог, логопед, тьюторлар саны жеткіліксіз).

100

Қандай ғалымдар интеграцияланған білім беруді дамытты?

Дж. Дьюи, Л.С. Выготский, Ж. Пиаже.

100

Сіздің ойыңызша, инклюзивті білім беру қоғам дамуына қандай оң немесе теріс әсерін тигізуі мүмкін?

Студенттің жауабы

100

Қазақстанда мектеп жасындағы қанша пайыз балада ерекше білім беру қажеттілігі бар?

Шамамен 6-7%

100

Мұғалімдерді даярлау бағдарламасы қандай үш негізгі бағыттан тұрады?

Теориялық білім, практикалық тәжірибе, үздіксіз кәсіби даму.

200

Қазақстандағы инклюзивті білім берудің негізгі проблемаларының бірі қандай?

Материалдық база жеткіліксіздігі. Қазақстан мектептерінің тек 30%-ында ғана толық қолжетімді орта бар (БҒМ деректері, 2023).

200

Әлемдік тәжірибеде интеграцияланған білім беру қандай үлгілер арқылы жүзеге асырылып жатыр?


Кросс-кьюрикулум, STEM/STEAM, CLIL, жобалық оқыту.

200

UNESCO деректері бойынша инклюзивті білім сапасының төмендеуінің басты себебі қандай?

Мамандардың тапшылығы. Әлем бойынша инклюзивті білім сапасының 40%-ы осы себепке байланысты төмен.

200

1994 жылғы Саламанка декларациясының негізгі мазмұны қандай?

Барлық елдерге инклюзивті білім беруді дамыту және мұғалімдерді осы бағытта даярлау міндеті қойылды.

200

Универсалды оқу дизайны (UDL) дегеніміз не?

Сабақты мәтін, сурет, видео, ойын сияқты түрлі тәсілдермен түсіндіру, әр балаға ыңғайлы жол таңдау мүмкіндігін беру.

300

Инклюзивті білім мен арнайы білімнің айырмашылығы неде?

Инклюзивті білім – ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы сыныпта қатар оқыту, ал арнайы білім – олардың мүмкіндіктеріне бейімделген жеке ортада білім беру.

300

Қазіргі ғылымда интеграцияланған білім берудің негізгі зерттеу бағыттары қандай?

Пәндерді кіріктіру негіздері, мұғалімдерді даярлау, оқушылардың шығармашылығы мен құзыреттіліктері, бағалау жүйесі.

300

Инклюзивті білім беру мен арнайы білім берудің негізгі айырмашылығы неде?

Инклюзивті білім беру – ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы сыныпта қатар оқыту. Арнайы білім беру – олардың мүмкіндіктеріне бейімделген жеке ортада білім беру.

300

Мұғалімдерді даярлаудың басты мақсаттарына қандай дағдылар кіреді?

Баланың қажеттілігін анықтау, сабақ бейімдеу, IEP құру, ата-анамен және мамандармен жұмыс, әлеуметтік дағдыларды дамыту.

300

Сабақта дифференциация әдісі қалай жүзеге асады?

Тапсырмаларды жеңіл, орта, күрделі деңгейге бөлу арқылы.

400

Финляндия мен Канада тәжірибесі инклюзивті ортаның қандай пайдасын көрсетеді?

Ол балаларды толеранттылыққа тәрбиелейді және ерекше балалардың әлеуметтенуін жеңілдетеді.

400

Қазақстандағы интеграцияланған білім берудің ерекшеліктері мен енгізілген пәндер қандай?

Бастауышта «Дүниетану», 5–7 сыныпта «Жаратылыстану», жоғары сыныпта CLIL арқылы жаратылыстану.

400

Мұғалімдердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен тиімді жұмыс істеуі үшін қандай дағдылар мен білімдерге ие болуы қажет деп санайсыз?

Студенттің жауабы

400

Жеке оқу жоспары (IEP) мұғалім жұмысына қалай көмектеседі?

Әр балаға жеке мақсат пен қолдау шараларын анықтап, сабақта қолдануға мүмкіндік береді.

400

Инклюзивті білім берудің қоғамға беретін ең үлкен пайдасы қандай?

Барлық оқушыға тең мүмкіндік береді, кемсітушілікті азайтады, сыйластық пен қамқорлық атмосферасын қалыптастырады.

500

Инклюзивті білім беруді дамытуға қандай мемлекеттік және технологиялық қолдаулар бар?

«Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылып жатыр, мұғалімдерге біліктілік арттыру курстары ашылған, көру қабілеті төмен оқушыларға арналған электронды Брайль жүйелері қолданыла бастады.

500

Интеграцияланған білім берудің шешілмей тұрған басты проблемалары қандай?

Кіріктіру деңгейін белгілеу, мұғалімдерді даярлау, бағалау құралдарының жетіспеушілігі, ұзақ мерзімді әсерді зерттеудің аздығы.

500

Ішінара инклюзия (Partial inclusion) бұл инклюзивті білім берудің қандай моделі?

Ішінара инклюзия – бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (ЕБҚ) оқу уақытының бір бөлігін жалпы сыныпта, ал қалған бөлігін арнайы мамандармен жеке немесе топтық сабақтарда өткізуіне негізделген модель.

500

Неліктен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге мұғалімдерді арнайы даярлау маңызды?

Себебі дұрыс дайындық болмаса, бала білімнен артта қалады, бейімделе алмайды, қоғаммен алшақтық артады.

500

Ерекше балалармен жұмыс істеуде қандай қиындықтар жиі кездеседі және олардың шешу жолдары қандай?

Қиындықтар: тәжірибенің аздығы, құрал-жабдық жетіспеуі, уақыт тапшылығы, ата-аналардың түсінбеуі. 

Шешімдер: курстар, тренингтер, қарапайым көрнекілік, нақты жоспар, түсіндіру жұмысы.

M
e
n
u