Жедел гломерулонефриттің ең жиі себебі:
Стрептококкты инфекция
Жедел гломерулонефриттің басты клиникалық белгісі:
Гематурия
Егер жас бала гематурия мен протеинурияны байқаса, бірақ қысымы қалыпты болса, қандай клиникалық форма ықтимал?
A) Жедел нефритикалық
B) Нефротикалық
C) Созылмалы гломерулонефрит
D) Тек инфекциялық пиелонефрит
С
Иммундық кешендердің шөгуі көбіне қай жерде жүреді?
Гломерула базальды мембранасында
Постстрептококкты жедел гломерулонефриттің типтік симптомдары:
Гематурия, ісіну, олигурия
Нефротикалық синдромдағы ісіну басты себептері қандай логикалық тізбек арқылы пайда болады?
Протеинурия → гипоальбуминемия → онкотикалық қысым төмен → ісіну
Комплемент жүйесінің белсендірілуі қай механизмге тән?
A) Тікелей токсикалық әсер
B) Иммундық кешендік зақымдану
C) Генетикалық мутация
D) Гипоксия
B
8 жастағы бала макрогематуриямен, аз мөлшерде протеинуриямен, жеңіл ісіну және орташа гипертензиямен келді.
Сұрақ: Қай синдром сипатталған?
Нефритикалық
9 жастағы бала 2 апта бұрын фарингиттен кейін зәрінде қан байқады. Қысымы қалыпты, ісіну жоқ. Зерттеу: эритроцитарлы цилиндрлер бар.
Сұрақ: Бұл жағдайда қандай зерттеу бірінші кезекте қажет?
Зәрдің жалпы анализі + микроскопия
Постстрептококкты гломерулонефрит кезінде қандай иммуноглобулин негізгі рөл атқарады?
IgG
Нефротикалық синдромдағы гломерулонефрит клиникасы: (3)
Массалық протеинурия, айқын ісіну, гипоальбуминемия
Науқаста протеинурия 3 г/тәулік, гематурия және креатинин деңгейінің жоғарылауы бар. Протоколдар мен қабылданған стандарттар бойынша қандай зерттеу әрі қарай жүргізілуі тиіс?
A) жалпы зәр анализі+УДЗ
B) Бүйрек биопсиясы + иммунофлуоресценция
C) УЗИ бүйрек және жүрек
D) ASO және анти-ГБМ антиденелер
Бүйрек биопсиясы + иммунофлуоресценция
Гломерулонефрит патогенезінде GFR төмендеуінің негізгі себебі:
A) Гиповолемия
B) Гломерулярлы капиллярлардың облитерациясы
C) Түтікшелік реабсорбцияның күшеюі
D) Онкотикалық қысымның төмендеуі
B) Гломерулярлы капиллярлардың облитерациясы
Жедел гломерулонефритке тән емес:
Бенс-Джонс ақуызы зәрде
10 жасар балада фарингиттен кейін гематурия байқалды, қысым қалыпты, IS жынысында сұйықтық ұстамасы жоқ. Протокол бойынша диагностикада ең бірінші жасалатын зерттеу қандай?
Жалпы зәр анализі + микроскопия