Тірек-қимыл аппараты дегеніміз не?
Тірек-қимыл аппараты — адамның қозғалуын, дене қалпын сақтауын және ішкі мүшелерін қорғауды қамтамасыз ететін жүйе. Ол сүйектерден, бұлшықеттерден, буындардан, сіңірлер мен байламдардан тұрады.
Тірек-қимыл аппаратының ең жиі кездесетін аурулары қандай?
Остеоартрит, остеопороз, ревматоидты артрит, сколиоз, бұлшықет тартылуы мен сынықтар.
Остеопороз деген не?
Остеопороз — сүйек тінінің тығыздығы мен беріктігі азайып, оның сынғыш болуы.
Ревматоидты артрит қалай пайда болады?
Бұл — иммундық жүйенің өз буындарына қарсы әрекет етіп, оларды қабындыруы нәтижесінде пайда болатын ауру.
Сколиоз дегеніміз не?
Сколиоз — омыртқаның бүйірге қарай қисаюы. Ол көбінесе жасөспірімдерде байқалады.
Бұлшықетті нығайту үшін қандай жаттығулар пайдалы?
Жеңіл жүгіру, жүзу, йога, серуендеу және арнайы бұлшықет жаттығулары пайдалы
Тірек-қимыл жүйесіне пайдалы дәрумендер қандай?
D дәрумені, кальций, магний, фосфор және ақуыз
Тірек-қимыл жүйесін сақтау үшін не істеу керек?
Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, дене қалпын сақтау,ауырлықты дұрыс көтеру.
Кальцийге бай тағамдарға не жатады?
Сүт өнімдері,балық,жаңғақтар,көкөністер,көк шөптер.