Жиілік деген не?
Белгілі бір мәннің немесе мәндер аралығының қаншалықты жиі кездесетінін көрсететін көрсеткіш.
Жиіліктің түрлері қандай?
Абсолюттік, салыстырмалы.
Жинақталған жиілік дегеніміз не?
Жинақталған жиілік – белгілі бір мәнге дейінгі барлық мәндердің жиынтық жиілігі.
Абсолюттік жиілік –
белгілі бір мәннің қанша рет кездесетінін көрсетеді.
Салыстырмалы жиілік –
жалпы мәндер санына қатысты пайыздық үлесін көрсетеді.
Жиілік кестесі не үшін қажет?
Жиілік кестесі – мәліметтерді реттеп, оларды оңай талдау үшін
Жиілік полигоны қандай график?
Жиілік полигоны – деректердің жиілігін көрсететін сызықтық диаграмма.
Жиіліктің ең жоғарғы мәні қалай аталады?
Жиіліктің ең жоғарғы мәні мода (mode) деп аталады.
Жинақталған жиілік не үшін қолданылады?
Мәліметтерді талдау, салыстыру және болжам жасау үшін қолданылады.
Жинақталған жиілікті қай салада қолданады? –
Статистика.
Жиілік талдауының мақсаты қандай?
Жиілік талдауы – мәліметтер жиынтығын ретке келтіру, топтау және олардың қайталануын бағалау үшін қолданылатын статистикалық әдіс.
Жиілік полигоны деген не?
Жиілік полигоны – мәліметтердің таралуын көрсету үшін қолданылатын сызықтық диаграмма.