Құрайыш сөзінің мағынасы?
Акула(өзі желінбейді, өзгені жейді), жиналу, кәсіп қыл
Пайғамбарымыз (с.а.у) қай күні дүниеге келді?
Рабиғул аууәал айының 12-ші күні. 571 жылы, 22 сәуірде
Шайбаның әкесі мен анасы кім? Шайба есімі не мағына береді? Шайбаның кейінгі есімі кім, оқиғаны баяндаңыз
Салма мен Хашим. Ақ шаш деген мағынаны береді. Мүтталиб меккеге Шайбаны әкеле жатқанда адамдар оны құлы деп ойлап, Абдумүтталіп аталып кетеді.
Пайғамбардың (с.а.у) өмірге келуін, өмірге келгенде әлемде қандай ірі оқиғалар болғанын баяндаңыз
1. Сауа көлі тартылған; 2. Әмина анамыздың құрсағындағы нұр шам жерінде жарқыраған; 3. Кисра сарайында 14 баған құлаған; 4. 1000 жылдық от сөнген
Әмина анамыз дүниеден өткен жер?
Абуа қаласы
Зайд есімі не мағына береді? Оқиғаны толық сипаттаңыз
“Елінен жырақта” мағынасын береді. Қусай (Зайд) пайғамбар ұрпағы болған. Кіші кезінде нағашыларына беріліп, кейіннен меккеге оралады.
Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүт анасы кім? Оқиғаны баяндаңыз
Халима анамыз. Ешқандай бала қалмай, жетім Пайғамбарымыз ғана қалады, амалсыздан алса да, береке кіреді Халима анамыздың үйіне. Жүрмей қалған есек жүріп кетеді, түйе сүтке толады.
Уарақа ибн Найфал деген кім?
Хадиша анамыздың көкесі
Піл оқиғасы қай сүреде келеді, оқиғаны толық баяндаңыз да, 200 емес 600 ұпай алыңыз🥳
Абраханың жетекшілігімен, 10-11 піл, Пілдердің жүрмей қалуы, Әбабил құстарының отты таспен атқылауы
Файйат сөзі кімге қатысты, не мағына береді?
Мутталибті солай атаған. Арнасынан асушы деген мағынаны береді
Шаддах деген не мағына береді?
Бүлдіргі мағынасын береді
Неге мекке халқы балаларын кіші кезінде Халима анамыздың жеріндегі тайпаға беретін болған?
Ауа райы өте қолайлы болған
Тілі дамыған ел болған, шайырлыққа, әдебиетке
Әбу Райхан деген кім, Ол неге Тайф жерінен өткенде өліп кетеді?
Абрахаға меккеге барар жолды адаспай көрсетемін деген жолаушы. Адамдар оның қабіріне әліге дейін тас атып кетеді
Абраха неге қағбаны қиратамын деген шешімге келді? Себебі қандай?
Әл-Қулайс деген ғибадатхана салады, меккеге тауаф етушілерді азайту үшін. Ғибдатханада дәрет сындырылғанын көреді де ашуланып, 60мың әскермен жолға шығады
Абдумүтталип 4 рет қандай түс көреді?
Зам-зам суын қазуға байланысты.
Барраны қаз (жақсылық)
Тоийбәні қаз (тап-таза жақсы нәрсе)
Мәднунаны қаз (көмілген қазына)
Зәм-зәмді қаз (Исмайлдан қалған су)
Хашим деген не мағына береді?
Ұсақтаушы мағынасын береді. Нан мен етті ұсақтап берген саудагер
Көкірек жарылу оқинасын баяндаңыз?
Пайғамбарымыз (с.а.у) 4 жаста болған кезінде. Жайлауда қой бағып жүргенде болған. Екі періште жүрегін алып жуып, қайта салған
Нуфайл деген кісі кім?
Пілдерге “Ей, жылжыма, бұл Алланың мекені” деп сыбырлаған
Абраха Йемен жерін қалай билеп алады?
533 жылы Абраха Йемен патшасы Ариатпен жекпе жекке шығып, жеңеді. Йемен Абраханың қолында
Хузаға тайпасының меккеден кетуін баяндаңыз, Қағбаның кілті қалай алынды?
Мухтараш ішімдік ішіп отырғанда, бір торсық шарап пен түйеге қағбаның кілтін айырбас жасайды. Хузаға мен Қусай соғысып, Хузаға меккеден біржола кетеді
Амина, Абдулла, Мұхаммед есімдерінің мағынасы?
Аллаға иман келтіруші қыз, Алланың құлы, Мақтаулы
Пайғамбарымыз (с.а.у) неше жасында анасынан айырылады?
6 жаста, көкесі Әбдумүтталып алады қамқорлығына
Мағауия ибн әбу Суфиян деген кім?
Сахаба, Хасаннан соң 6 айдан соң таққа келеді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у) әкесі Абдулла қалай құрбандықтан аман қалды?
Зам-зам суын қазғанда Абдумүтталіп “10 ұл берсең біреуін құрбан етем” деп уәде береді. 10 баласына жебе тартады ішінде сүйікті ұлы Абдулла шығады.Хайбарда балгер әйелге барып, 10 түйе деген шешімді айтады. Бір адам құны 100 түйе боп бекітіледі
Піл оқиғасынан алатын 6 ғибрат?
1. Алла үйіне деген маңыз 2. Тарих сатқындарды ұмытпайды 3. Адамдар сенен разы болмайды, сен олардың дініне кірмейінше 4.Ислам дініне қолыңнан келгенше көмектес 5. Аллаға қарсы соғысу әрдайым жеңіліспен аяқталады 6. Қағбаның қасиеті қайта келді