Дүниежүзіндегі ең үлкен мұхит қайсы?
Тынық мұхиты.
Әлемдегі ең биік шыңды атаңыз.
Эверест (Джомолунгма), биіктігі — 8848 метр.
Жер шарындағы ең терең көл қайсы?
Байкал көлі
Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен қайсы?
Ніл
Жер көлемі жағынан әлемдегі ең үлкен мемлекет қайсы?
Ресей.
Әлемдегі ең биік сарқырама қалай аталады?
Анхель
Ең кіші материк қайсы?
Аустралия.
Атмосфераның ең төменгі, адамдар тыныс алатын қабаты қалай аталады?
Тропосфера.
Дүниежүзіндегі ең үлкен аралды атаңыз.
Гренландия.
Ең ыстық материк қайсы?
Африка.
Жердің су қабығы ғылымда қалай аталады?
Гидросфера.
2023 жылғы деректер бойынша, халқының саны ең көп мемлекет қайсы?
Үндістан
Әлемдегі ең үлкен шөлді атаңыз.
Сахара
Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде нешінші орында?
9-шы орында.
Жер бетіндегі ең суық материк қайсы?
Антарктида.