Даражарнақтылар класына жататын жалғыз ағаш қайсы және оның діңінде неліктен жылдық сақиналар болмайды?
Пальма; түзуші ұлпа — камбий болмағандықтан.
Жәндіктердің қаны қалай аталады?
Гемолимфа.
Адам ағзасында тыныс алу орталығы орналасатын ми бөлімі қалай аталады?
Сопақша ми.
Жасушаны алғаш рет ашқан ғалым және жасуша теориясының негізін қалаған екі ғалым кімдер?
Р. Гук; Т. Шванн мен М. Шлейден.
Күн жүйесіндегі қай ғаламшарда бір тәулік бір жылдан ұзаққа созылады?
Шолпан (Венера).
Күзде жапырағы түскен ағаш сабағында газ алмасуды қандай құрылым атқарады?
Жасымықша.
Өрмекшітәрізділердің зәр шығару мүшесі қалай аталады және тек өрмекшілерде ғана зат алмасудың соңғы ыдырау өнімі ретінде бөлінетін пуриндік азотты зат не?
Мальпигий түтікшелері және гуанин.
Миелинденген нейрондарда Шванн жасушаларының арасындағы кішкене оқшауланбаған аймақ және жүйке импульсінің секірмелі өту тәсілі қалай аталады?
Ранвье бунағы және сальтаторлық өткізу.
Тек жануар жасушасының мембранасында кездесіп, полярлы молекулалардың ішке өтуіне «қақпа» болатын стероид қалай аталады және өсімдік жасушасында оның орнын қандай екі стероид басады?
Холестерол; өсімдіктерде — ситостерол мен стигмастерол.
Әлемдегі ең көне оқу орындарының бірі — Оксфорд университеті бұрын пайда болған ба, әлде Орталық Америкадағы әйгілі Ацтек империясы бұрын құрылған ба?
Оксфорд университеті.
Өсімдіктердің қозғалу реакцияларынан: 1) мимоза жапырағының жанасудан жабылуы және 2) тургордың циклдік өзгеруінен өркен төбесі мен мұртшалардың айналмалы қозғалуы қалай аталады?
Гаптонастия және нутация.
Су қысымын барорецепторлар арқылы сезетін бүйір сызығының негізінде электрлік мүшелер қалыптасқан. Осы мүшелерінің қуаты ең үлкен екі балықты және олардың өндіретін электр кернеуін (вольтпен) атаңыз.
Скат (300 В) және жыланбалық (650 В).
Саркомерде Z-дискілер мен миозин талшықтарын серпімді байланыстыратын нәруыз және жіңішке актин филаменттерінің ұзындығын реттейтін нәруыз қалай аталады?
Титин және небулин.
Бета-липопротеин синтезінің ақауынан эритроциттердің жұлдыз тәрізді пішінге айналу ауруы және артық дозасы плазмалық мембрананы зақымдайтын жүрек дәрілік өсімдігі қалай аталады?
Акантоцитоз (акантоз) және оймақгүл.
Адамзат тарихында қайсысы бұрын ойлап табылды: кәдімгі сіріңке (спичка) ме, әлде оттық (зажигалка) па?
Оттық (зажигалка).
Шыбынжұт (Венерина мухоловка) сияқты жыртқыш өсімдіктердің жапырақтары жасыл, яғни олар кәдімгідей фотосинтез жасап, өздеріне қант (глюкоза) өндіре алады. Онда олар жәндіктерді не үшін аулап жейді?
Батпақты топырақта жетіспейтін азот (және минералды тұздар) қорын толықтыру үшін (жәндіктер оларға энергия көзі емес, «тыңайтқыш» ретінде керек).
Егер акула жүзуін қозғалмай тоқтап қалса, бірден екі түрлі себептен өліп кетеді. Ол қандай екі себеп?
Су түбіне батып кетеді және желбезегінен су ағыны өтпей, тұншығып өледі.
Адам қайтыс болғаннан кейін бірнеше сағаттан соң денесі тастай болып қатып қалады (мәйіттік сіресу). Өлген ағзада АТФ өндірілмесе, бұлшықеттер босаңсудың орнына неліктен тартылып, қатып қалады?
АТФ миозин басын актиннен ажырату (босату) үшін қажет; АТФ таусылған соң актин мен миозин бір-біріне жабысқан күйі құлыпталып қалады.
Адам жасушасында екі түрлі ДНҚ бар: ядролық және митохондриялық. Егер әкесінде митохондриялық ДНҚ мутациясынан туындайтын тұқым қуалайтын ауру болса, ал анасы толық сау болса, бұл аурудың балаларға берілу ықтималдығы неше пайыз және неге?
0%, себебі бала барлық митохондрияны тек анасынан (жұмыртқа жасушадан) алады.
Париждегі әйгілі Эйфель мұнарасы жылдың қай мезгілінде шамамен 15 сантиметрге биіктейді және неліктен?
Жазда, себебі ыстық ауа райында темір қызып, ұлғаяды (жылулық ұлғаю).
Жаңа піскен ананасты көп жегенде тіліңіз ашып, қышып, кейде тіпті аздап қанап кететінін байқаған шығарсыз. Ғалымдар мұны: «Сіз ананасты жеп отырғанда, ананас та сізді жеп жатады» деп түсіндіреді. Ананас тілімізді қалай «жейді» және банкадағы консервіленген ананас неліктен тілді ашытпайды?
Ананас құрамында нәруыздарды ыдырататын бромелайн ферменті бар — ол тілдің бетіндегі нәруыздарды қорыта бастайды; ал консервілеу кезінде жоғары температурадан бұл фермент бұзылып (денатурацияланып) кетеді.
Көпшілік түйенің өркешінде су сақталады деп ойлайды, бірақ шын мәнінде онда май жиналады. Неліктен түйе майын итбалық сияқты бүкіл тері астына біркелкі таратпай, тек арқасындағы өркешіне ғана жинайды және шөл далада ол майдан қалай «су» алады?
Май жылу өткізбейтіндіктен, оны бір жерге жинау дененің қызып кетуінен сақтайды; ал ағзада 100 г май тотыққанда (ыдырағанда) шамамен 107 г метаболизмдік су бөлінеді.
Адам ағзасындағы барлық мүшелер қатерлі ісікке (ракқа) шалдығуы мүмкін, бірақ жүрек бұлшықетінде ісік дерлік ешқашан пайда болмайды. Жүрек жасушаларының қандай ерекшелігі оны рактан қорғайды, бірақ дәл сол ерекшелік инфаркттан кейін жүректің қалпына келуіне кедергі жасайды?
Ересек адамның жүрек бұлшықеті жасушалары (кардиомиоциттер) бөлінуін (митозды) толық тоқтатқан.
1930-жылдары ешқандай диетасыз салмақ тастататын «ғажайып» дәрі (динитрофенол) шықты, бірақ оны ішкен адамдар дене температурасы 42°C-тан асып, іштен күйіп қайтыс болды. Бұл зат митохондрияның ішкі мембранасын тесіп, протондардың (H^+) АТФ-синтетазаны айналып өтуіне жол ашқанда, қоректік заттардың энергиясы АТФ-тің орнына неге айналып кетті?
Жылу энергиясына (митохондрия барлық энергияны АТФ-ке емес, жылуға айналдырып жіберді).
Кез келген классикалық джинсы шалбардың оң жақ алдыңғы қалтасының ішінде өте кішкентай қосымша қалташа бар. 1870-жылдары Леви Страусс бұл кішкентай қалтаны ең алғаш не салу үшін ойлап тапқан?
Шынжырлы қалта сағатын салу үшін.