Game
Фобия ма не?
Мемдер
Суреттер
Fact чек
10

GTA ойынын жасаған компания қалай аталады?

Rockstar Games

10

Акрофобия дегеніміз неден қорқу?

Биіктіктен қорқу

10

Осы видеода көріп тұрған «Мозгов у меня нет, господа, но зато есть идея!» деген сөзімен көпшілікке танылған кейіпкер қай мультфильмге тиесілі?

Монстры против пришельцев

10

Суретке назар аударайық!

Тайқазан

10

Әлемдегі ең үлкен шөл атаңыздар?

Антарктида

20

Бір толық Дженга жиынтығында неше бөлшек болады?

54

20

Өрмекшілердің қорқу қалай аталады?

Арахнофобия

20

Осы видеода көріп тұрған, «Дикийлар бабасы Данияр Дарабоздың» дауысымен озвучка жасалған «Шрек» мультфильмі екені барлығымызға бесенеден белгілі. Ендеше, осы мультфильмде қызыл шляпа киіп жүретін корольдің есімі кім?

Лорд Фаркуад

20

Суретке назар аударайық!

Итэвон Класс

20

Әлемдегі ең қысқа соғыс небәрі 40–45 минутқа созылған. Тарихта бұл соғыс қай екі ел арасында болған?

Ұлыбритания мен Занзибар

30

Адамның уақыт сезімін әлсіретіп, назарын сыртқы ортадан барынша алшақтату мақсатында кейбір мекемелерде терезелер арнайы жабылып, қабырғаларға сағат ілінбейді. Бұл қандай мекемелерге тән ерекшелік?

Казино

30

Трипанофобия дегеніміз неден қорқу?

Инеден қорқу

30

Осы видеода көріп тұрғанымыздай, Аружан ешкімнің сөзіне құлақ аспаймын дейді. Оның бұл әрекеті «Игра в кальмара» сериалындағы 456-нөмірлі ойыншыны еске түсіреді. Ендеше, 456-нөмірлі ойыншының сериалдағы кейіпкерінің аты және оны сомдаған актердің шын есімі кім?

Сериалда - Сон Ги Хун
Шын өмірде - Ли Джон Джэ

30

Суретке назар аударайық!
«Матрица» фильміндегі аңызға айналған жасыл код шын мәнінде не еді?

Жапондық суши рецептісі

30

1937 жылы АҚШ-та бір мектепте табиғи газдың жиналып қалуынан алапат жарылыс болып, жүздеген адам қаза тапты. Бұл қайғылы оқиға газ қауіпсіздігіне қатысты маңызды өзгеріске себеп болды.Газдың таралғанын бірден байқауымыз үшін оған арнайы иісті зат қосылады. Газға иіс беру мақсатында қосылатын бұл зат қалай аталады?

Одорант

40

Minecraft ойынын жасаушы Маркус Перссон бастапқыда мүлде басқа жануардың моделін құрастыруды көздеген. Алайда координаталарды енгізу кезінде жіберілген қателік нәтижесінде бойы мен дене пропорциясы өзгеше, кейін ойынның ең танымал кейіпкерлерінің біріне айналған тіршілік иесі пайда болды. Бұл қандай кейіпкер?

Крипер

40

Баспалдақтан немесе тік еңістерден,құлама жерлерден қорқу қалай аталады?

Батмофобия

40

Осы видеода көріп түрған,апайымыздың ашуына тиген басты мәселе — бөлінген 500 гектар жердің аздық етуі. Алайда біз бұл жолы жердің көлеміне емес, математикалық шамасына назар аударайық. 500 гектарды км2,м2,дм²,см²,мм² айналдырсаңыздар.

500 гектар - 5 км² - 5 000 000 м² - 500 000 000 дм² - 50 000 000 000 см² - 500 000 000 000 000 мм²

40

Суретке назар аударайық!
Құлсары қаласындағы бір кофехананың атауы алғаш естігенде дөрекілеу көрінгенімен, мағынасына үңілсең, логикалық тұрғыдан өте орынды қойылған. Бұл кофехананың ерекше атауы қандай?

Pei Zdes

40

1815 жылы болған ірі табиғи апаттан кейін атмосфераға орасан көп күл мен күкіртті газ таралып, Жер шарының климатына айтарлықтай әсер етті. Соның салдарынан 1816 жылы Еуропа мен Солтүстік Америкада жаз мезгілінде де қар жауып, ауа температурасы күрт төмендеді. Тарихта «Жазсыз жыл» деген атаумен қалған бұл климаттық құбылысқа себеп болған жанартау қалай аталады?

Тамбора жанартауы

50

Кейбір үстел ойындарының ұзақтығы бірнеше сағатпен шектелмей, тіпті бірнеше айға созылуы мүмкін. Тарихта осындай ойындардың біріндегі ең ұзақ партия 1680 сағатқа, яғни 70 күнге созылған. Бұл қай үстел ойыны?

Монополия

50

Қауырсыннан қорқу фобиясының атауы қандай?

Птеронофобия

50

Осы видеода көріп тұрғанымыздай, Мұрат Әбділданың мемдерін барлығымыз жақсы көреміз. Тіпті оның қолындағы ұялы телефоны камерасының сапасына бола талай сынға ұшырап, өзіне бағытталған талай соққыны да көтерген. Соған қарамастан, видеодағыдай қызбен сөйлесуіне де көмектесіп жүр. Ендеше, Мұраттың қолындағы ұялы телефонның маркасы қандай?

Samsung Galaxy J7

50

Суретке назар аударайық!
Қазақ дәстүрінде бұл ерекше кәсіп иелерін басқалар байқамайтынды көре алғаны үшін «көзі қарақты» деп атаған. Олардың көне әдістерінің бірі – үйірлі жылқының шабысына ілесе жүгіріп, лезде жерге құлағын тосып тыңдау. Кәсіп иесін атаңыз.

Құдықшылар

50

XVIII ғасырдың ортасында Лондонда ер адамдардың белгілі бір бұйымды пайдалануы қоғамда ерекше көзқарас тудырған. Ол кезде бұл зат тек әйелдерге арналған аксессуар деп есептеліп, оны көпшілік алдында қолданған ер адамдар мазаққа ұшыраған. Уақыт өте келе бұл түсінік өзгеріп, аталған бұйым баршаға ортақ күнделікті затқа айналды. Бұл қандай бұйым?

Қолшатыр

M
e
n
u