Шаруалардың негізгі міндеті ?
Жерді өңдеу және салық төлеу.
Салық қандай түрде жиналды?
Ақшалай да, натуралды да.
Жарма арендасы қалай жүргізілді?
Өнімнің үлесі қожайынға берілді.
VIII–X ғғ. деревняда қандай топтар болды?
Бай шаруалар, орта шаруалар, кедейлер.
Әлеуметтік теңсіздіктің себебі не?
Жердің азайып, ірі иелердің күшеюі.
Қауымдық жер неліктен әлсіреді?
Байлардың күшеюі мен шаруалардың кедейленуінен.
Салықты кім жинады?
Мемлекет пен жер иелері.
Ауыл шаруашылығында негізгі еңбек құралы қандай болды?
Ағаш соқа, қарапайым құралдар, қол еңбегі басым болды.
Династар деген кімдер?
Ірі жер иеленушілер, әскери ақсүйектер.
Жеке меншік жер қашан күшейді?
VIII–IX ғасырларда.
Шаруалардың қауымнан алған үлесін пайдалану шарттары қандай еді?
Жер міндетті түрде өңделуі тиіс, бос жатса, қауым тартып алды.
Династардың күшеюі император билігіне қалай әсер етті?
Олар орталық билікке қарсы шығып, кейде императорға қауіп төндірді.
Неге Византияда феодализм Батыс Еуропаға қарағанда баяу дамыды?
Қауымдық жүйе ұзақ сақталды.
VIII ғасырда «Егіншілік заңы» қай әулет дәуірінде пайда болды?
Исаврия әулеті тұсында.
Василий II императорының шаруаларға қатысты саясаты қандай болды?
Василий II династардың күшеюін шектеуге, шаруаларды қорғауға тырысты: салықты байлардан өндіртіп, ұсақ жер иелерінің құқықтарын қорғады. Бірақ ұзақ мерзімде ірі жер иелерінің үстемдігін тоқтата алмады.
«Егіншілік заңының» нормалары қай жағдайда шаруалар үшін қорғаушы құрал, ал қай жағдайда байлар үшін тиімді құралға айналды?
Қауымдық құқықты бекіткенде – шаруаларды қорғады; бірақ аренда шарттарын қатаңдатқанда – байлардың пайдасына жұмыс істеді.
Македония әулетінің билігі кезінде фееодализм қалай күшейді?
Жеке меншік жер көбейіп,шаруалар династарға тәуелді бола бастады
VIII–X ғғ. Византиядағы мүліктік теңсіздік империядағы саяси тұрақтылық пен орталық биліктің ұзақ мерзімді дамуына қалай әсер етті?
Еркін шаруалардың әлсіреуі орталық биліктің әлеуметтік базасын тарылтты; ірі жер иелері саяси ықпалын күшейтіп, император билігін шектеді. Бұл ішкі саяси тұрақсыздықтың артуына әкелді.
Әлеуметтік теңсіздік пен шаруалар жағдайының нашарлауы Византияның сыртқы саясаттағы әлсіздігіне қандай жолдармен ықпал етті?
Әскердің әлсіреуі, салықтық базаның тарылуы, кедей халықтың көтерілістері империяның сыртқы жауға қарсы тұру қабілетін төмендетті.
Егер VIII–X ғғ. Византия императорлары еркін шаруаларды толық қорғап қала алған жағдайда, империяның тарихы қалайша өзгеше дамуы мүмкін еді?
Империя ауыл шаруашылығы мен әскери базасын сақтап, XI–XII ғғ. саяси құлдырауға ұшырамай, мүмкін, Батыс крест жорықтарына қарсы тұрар еді.