Аргентина елінің астанасы қай қала?
Буэнос-Айрес.
Шахмат ойынындағы бұл жүріс қалай аталады?

Рокировка — бұл шахматтағы король мен ладьяның (тураның) бір жүрісте орын ауыстыруы.
Оның басты мақсаты — корольді тақтаның шетіне қарай қауіпсіз жерге тығу және ладьяны ойынға тез қосу.
Бұл - әлемдегі ең жылдам өсетін өсімдіктердің бірі. Оның кейбір түрлері қолайлы жағдайда сағатына бір миллиметрге дейін өсіп, тәулігіне 90 сантиметрге (почти 1 метрге) дейін көтеріле алады. Егер мұқият қарап тұрсаңыз, оның өсіп жатқанын көзбен байқауға болады. Әңгіме қай өсімдік жайлы?
Бамбук.
Көпшілікке танымал PDF аббревиатурасының ағылшын тіліндегі толық мағынасы (расшифровкасы) қалай толық жазылады?
Portable Document Format (Тасымалданатын құжат форматы)
Классикалық марафон қашықтығы нақты қанша шақырым және қанша метрді құрайды?
42 шақырым 195 метрге (42,195 км) тең.
Күнделікті өмірде бұл санды көбіне 42,2 шақырым деп дөңгелектеп айтады.
Үш дорбада барлығы 30 000 теңге бар. Бірінші дорбада екіншіге қарағанда 5000 теңге артық, ал үшінші дорбада бірінші мен екінші дорбаның қосындысынан 10 000 теңге кем. Үшінші дорбада нақты қанша ақша бар?
1-ші дорба: 12 500теңге
2-ші дорба: 7 500
3-ші дорба: 10 000
Күн бетінен шыққан жарық сәулесі біздің планетамызға жету үшін қанша уақыт жұмсайды.
8 минут 20 секунд
Ежелгі майя мен ацтектер ____ бұршақтарын соншалықты жоғары бағалағандықтан, оны ақша ретінде қолданған. Мысалы, сол заманда 100 ____ бұршағына бір қоян немесе түгел бір қаз сатып алуға болатын еді. Тіпті сол кездегі алаяқтар жасанды ____ бұршақтарын балшықтан жасап шығаратын болған.
Какао бұршақтары
Бұл спорттың атауы ойнау кезінде шығатын дыбыстардан пайда болған. Ол қай ойын?
Бұл — пинг-понг (үстел теннисі).
Ойынның бұл атауы доптың ракеткаға және үстелге соғылған кезде шығаратын «пинг» және «понг» деген дыбыстарына еліктеуден шыққан. Бұл атауды 1901 жылы британдық кәсіпкер Джон Джаквес ресми түрде тіркеген.