M/N_A формуласымен не анықталады?
Бір молекула массасы
Бойль-Мариотт заңы қай процеске арналған?
Изотерма
Жылу берілудің қанша түрі бар?
3
Q = A болатын процессті атаңыз.
Изотерма
Термодинамикалық параметрлер саны
3
Төмендегі заңды ойлап тапқан ғалым:
p = p1+p2+p3+...+pn
Дальтон заңы
Сұйық күйден қатты күйге өткенде көлемі артатын затты табыңыз.
су
Энергияның құнсыздануы не деп аталады?
энтропия
17 °С температурада және 204 кПа қысымдағы сутектің тығыздығын анықтаңыз. (М = 1 г/моль)
0,17 кг/м3
Суреттегі процесті атаңыз.

Изобара
Массасы 1,5 кг суға температурасы 0 °С мұз салынды. Судың бастапқы температурасы 30 °С. Мұздың толық еруі үшін қанша мөлшерде мұз алу керек? (cсу =4200 Дж/кг∙°C lambda = 330 кДж/кг )
0,57 кг
Газдың ішкі энергиясы 45 кДж-ға ұлғайып, осы кезде сыртқы күштің жұмысы 25 кДж болса, оған газдың алған жылу мөлшері?
20 кДж
Тұрақты 100 кПа қысым, температурасы 200 К оттектің тығыздығы сутектің тығыздығындай болу үшін сутектің температурасы қандай болу керек?
(Мсутек = 1 г/моль, Моттегі = 16 г/моль)
3200 К
Жабық цилиндр жеңіл қозғалатын поршенмен бөлінген. Цилиндрдің бір жағында температурасы -70 °С болатын белгілі бір газ, ал екінші жағында температурасы 25 °С болатын дәл осындай массадағы газ бар. Поршень тепе-теңдікте тұр. Газдың жалпы көлемі 4 · 10⁻³ м³. Цилиндрдің әр бөлігіндегі газ көлемін анықтаңыз.
0,16·10⁻³ м3, 0,24·10⁻³ м3
Кастрюльге температурасы 10 °С су құйып, оны плитаға қойды. 10 минуттан кейін су қайнай бастады. Ол толық булану үшін қанша уақыт қажет?
1 сағ
Бір моль бір атомды идеал газды 1 күйден 3 күйге өзгерту үшін қажет жылу мөлшерін анықтаңыз. (T1=300K) 
13,7 кДж
Көміртек оттекпен қоспасының газ күйіндегі массасы 1 г, температурасы 27 oC және 560 кПа қысымда 1 дм3 көлемді алады. Осы қоспаның формуласын табыңыз ( C^12, O^16 )
CO2
Көлденең қимасының ауданы 40 см² болатын тік орналастырылған. Цилиндрге массасы 2 кг поршень қойылған, оның астында биіктігі 60 см ауа бағаны бар. Егер поршеньге қосымша массасы 10 кг гир қойылса, поршень қаншалықты төмендейді?
11 см
Калориметрде массасы 400 г және температурасы 5 °С су бар. Оған температурасы 10 °С болатын 200 г су қосылды және температурасы -60 °С болатын 400 г мұз салынды. Калориметрде қандай температура орнайды? Мұздың массасы қалай өзгереді?
0, 110 г-ға артады
Цилиндрдегі поршень астында 1,25 кг ауа бар. Оны тұрақты қысымда 4 °С-қа дейін қыздыру үшін 5 кДж жылу жұмсалды. Ауаның ішкі энергиясының өзгерісін анықтаңыз (M=0,029 кг/моль)
3,6 кДж