Дәм думан
Салт-сана
Ұлттық рух
?
Мақал-мәтел
100

Наурыз көжеге қосылатын 7 дәмнің ішіндегі «ақ» (сүт өнімдері) ненің символы? Неге міндетті түрде ақ қосылуы керек?    

Ақ — адалдықтың, пәктіктің және молшылықтың символы. «Ақ мол болсын» деген ниетпен қосылады

100

Қазақта «байғазы» мен «көрімдік» бар.

Олардың айырмашылығы неде?

•    Байғазы — жаңа затқа беріледі

    •    Көрімдік — қуанышты оқиғаға беріледі

100

Бұл ойынды «дала шахматы» немесе «қойшылар алгебрасы» деп атайды. 81 таспен (құмалақпен) ойналатын ең танымал зияткерлік ойын қайсы?

Тоғызқұмалақ

100

Қазақ халқында әрбір адам білуі тиіс, өзінің шыққан тегі мен бабаларын тануға негізделген «алтын ереже» қалай аталады?

Жеті ата

100
  • Абысын тату болса .....

Ас көп

200

Наурыз қарсаңында бойжеткендердің ұнатқан жігіттеріне арнап, сүр ет пен уыз қосып дайындайтын, жігіттерге сергектік сыйлайтын ерекше астың атауы қандай? 

Ұйқыашар. Наурыз таңын ұйықтамай қарсы алу үшін уыз бен сүр ет қосып пісірілген құнарлы тағам.

200

Сәбиді алғаш рет бесікке бөлегенде жасалатын, бесік түбегінен тәттілер шашылатын көңілді жоралғы қалай аталады?

Тыштырма

200

Жұмбақ ойын: «Қараңғыда табысқан, жарық күнде алысқан». Бұл қай ойын? Жастар түнде жиналып, бір затты іздейді.

Жауап: Ақсүйек.



Түсіндірме: Ақ сүйекті лақтырып, оны қараңғыда табу арқылы жастар түнде де бағдарлау қабілетін дамытқан.

200

Қазақтың сенім-нанымында сиыр малының иесі

Зеңгі баба

200

Алыстан алты жасар бала келсе,

алпыстағы шал келіп сәлем береді.

300

Казақтың дастарханындағы ең маңызды тағам — бұл тек ет емес. Оны арнайы тәсілмен дайындау, сақтау және ұсыну өнері бар. Ет асқанда ең сыйлы қонаққа бас тартатынымыз белгілі. Ал жаңа түскен келінге дәстүр бойынша міндетті түрде қай мүшесін береді (жаңа түскен келіннің сыбағасы )және бұл нені символдайды?

Төс. (Келінге төс тарту — оның жаңа отбасындағы орнын, қадірін білдіреді және ол төстей берік, ақжарқын болсын деген тілек).

300

«Тұсаукесер» кезінде баланың аяғын немен байлайды?

Және неге дәл сол зат таңдалады?

Ала жіппен байлайды

👉 Мағынасы: адал болсын, біреудің ала жібін аттамасын

300

Көкпар ойынында палуандар тартысқа салатын жануардың денесін қалай атайды?

Серке. (Ешқашан қой немесе басқа мал қолданылмайды, тек ешкі/серке).

300

Наурыз сөзі қандай тілден енген және қандай мағына 

Парсы. Жаңа күн

300
  • Алтау ала болса, аузындағы кетеді.
  • Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
400

Соғым» кезінде малдың барлық бөлігі пайдаланылған.

Ал ең ұзақ сақталатын ет түрі қалай аталады және қалай дайындалады?

Сүр ет

👉 Тұздап, кептіріп, кейде ыстап дайындайды — ұзақ сақталады

400

Бала дүниеге келгенде оның болашақ несібесі, жеке меншігі ретінде аталатын мал қалай аталады? Оны союға немесе сатуға қатаң тыйым салынған.

«Бәсіре» дәстүрі туралы қысқаша:


Мағынасы:

Бала дүниеге келгенде немесе алғаш рет шаш алдырғанда (кейде сүндет тойда), оған арнап жеке мал (көбіне жас құлын, тай немесе қозы) аталады. Сол сәттен бастап бұл мал баланың меншігі болып саналады

400

Ертеректегі «Бәйге» түрлерінде 3-5 жасар аттар қатысатын жарысты қалай атаған?

Құнан-бәйге

400


«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді қазақ. Ал әкеден балаға мұра болып қалатын ең үлкен рухани қазына қалай аталады?

Тәрбие

400

Құтты қонақ келсе, қой егіз табар, құтсыз қонақ келген

қойға қасқыр шабар.

500

Ежелгі қазақ салт-дәстүрі бойынша, көктем шығып, Наурыз мейрамы қарсаңында ақсақалдар мен ел ағалары арнайы бір тағам түрін дайындап, жас жұбайларға немесе жаңа отбасын құрғандарға беретін болған. Бұл тағамды тарту арқылы олар жастардың «белін бекемдеп», «өмірдің қиындықтарына төтеп беретіндей күш-қуат жинасын» деп тілейтін. Бұл сирек кездесетін тағамды қалай атайды?

 Бел көтерер. (Бұл өте көне дәстүр. Көктемде мал арықтап, ет аз болғанда, қысқы «сүр еттің» соңғы сарқытын жастарға немесе ауру-сырқауға арнайы дайындап беру салт-дәстүрі).

500

Құдалық кезінде немесе келін түскенде жасалатын бұл жоралғы өте маңызды саналып, оны орындамау үлкен айып болған. Бұл салт бойынша құдалар жағы бір мал әкеліп, оны «тірідей» сыйға тартады немесе сойып, аруақтарға бағыштап ас береді. Бұл екі дүниенің арасындағы байланысты білдіретін салт қалай аталады?

Жауап: Өлі-тірі.


Түсіндірме: «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген ұстаныммен жасалады. Жаңа шаңырақ құрылғанда өткен бабалардың батасын алу және екі рудың арасындағы туыстықты аруақтар алдында бекіту символы

500

Шауып бара жатқан аттың үстінен еңкейіп, жерде жатқан орамалға түйілген олжаны іліп алуды қажет ететін ұлттық ойын қалай аталады?

Теңге ілу

500

Қазақтың киіз үйінің негізін ұстап тұратын, жазылып-жиналатын ағаш қабырғасы қалай аталады?

Кереге

500
  • Отыз тістен шыққан сөз, 
  • Отыз рулы елге тарайды
M
e
n
u