Жылдамдықты есептеу формуласы қандай?
v=s/t
(Жылдамдық = жол/уақыт)
Уақыттың өлшем бірлігін ата
Секунд (c)
Жолды есептеу формуласы қандай?
s=vt
(жол=жылдамдық*уақыт)
Қозғалыс дегеніміз не?
Қозғалыс - материялық дүниенің ажырамас қасиеті, яғни ол табиғаттағы барлық денелерге, нәрселерге, яғни бүкіл материалдық дүниеге тән
Масса дегеніміз не және өлшем бірлігі қандай?
Масса денедегі заттың мөлшерін сипаттайтын шама.
Өлшем бірлігі - килограмм (кг)
Автобус 60км жолды 2 сағатта жүріп өтті. Жылдамдығы қандай?
v=s/t=60/2=30км/сағ=8.3м/с
Уақытты табу формуласы қандай?
t=s/v
(Уақыт=жол/жылдамдық)
Велосипедші 12км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жүрді. Қанша жол жүрді?
s=vt=12*2=24км
Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
Денелердің немесе олардың бөліктерінің уақыттың өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады
Массаны өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
Таразы
1мин=60с
v=1,2/60=0,02м/с
Мотоцикл 72км/сағ жылдамдықпен 36 км жүрді. Ол қанша уақыт жүрген?
t=s/v=36000/20=1800c
Құмырсқа 0,02 м/с жылдамдықпен 5 минут жүрді. Қанша метр жүрді?
5мин=300с
s=vt=0.02*300=6м
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс дегеніміз не?
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс деп кез келген бірдей уақыт аралығында қозғалыс бағытын өзгертпей, бірдей орын ауыстыратын қозғалысты айтады
1 тонна неше килограммға тең?
1т=1000кг
Велосипедші 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Ол 15 минутта қанша жол жүреді?
15мин=0,25 сағ
s=vt=36*0,25=9км
Құс 20 м/с жылдамдықпен 600 м ұшты. Ұшу уакыты қанша болды?
t=s/v=600/20=30c
Машина 20 секундта 15 м/с жылдамдықпен қозғалды. Жолды тап
s=vt=15*20=300м
Бірқалыпсыз түзу сызықты қозғалыс дегеніміз не?
Бірқалыпсыз түзу сызықты қозғалыс деп дене кез келген бірдей уақыт аралығында қозғалыс уақытын өзгертпей, әртүрлі орын ауыстыратын қозғалысты айтады
1 килограмм неше грамм?
1кг=1000г
Машина 20 секунтта 300 метр жол жүрді. а) Оның жылдамдығы қандай? ә) Егер машина 2 минут осы жылдамдықпен жүрсе, қанша метр жол жүреді?
а) v=300/20=15м/с
ә) t=2мин=120c
s=vt=15*120=1800м
Автобус қала мен ауыл арасындағы 90 км жолды 60км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. а) Ол жолды қанша уақытта жүріп өтті? ә) Егер кері қайтқанда жылдамдығы 45 км/сағ болса, онда кері қайтуға қанша уақыт кетеді?
а) 1.5сағ
ә) 2 сағ
Поезд 72 км/сағ жылдамдықпен 2,5 сағат қозғалды. а) Жолын километрмен тап. ә) Осы жолды метрмен өрнекте.
а) s=72*2.5=180км
ә) 180км=180000м
x=x0 + vt
Массасы 2000грамм дене ауыр ма, әлде 5кг дене ме?
5кг дене ауыр