Мақалды жалғастыр:
Өнер алды...
Өнер алды қызыл тіл
Махаббат, қызық мол жылдар авторы кім?
Әзілхан Нұршайықов
Шоқан Уәлихановтың шын есімі
Мұхаммедханафия
Аркадқа баюдың құпиясын ашып, ақыл-кеңес берген кім?
Алгамиш
Қазақстанның негізгі киностудиясы Қазақфильм кімнің атымен аталған?
Шәкен Айманов
"Ғылым таппай мақтанба"
5 асыл істі және 5 дұшпаныңызды атаңыз
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой
"Абай жолы" романы бойынша Абайдың алғашқы махаббаты кім?
Тоғжан
Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын
Абай Құнанбаев
Галилео Галилей телескопты қай ғасырда ойлап тапты?
XVII
"Гарри Поттер" фильміндегі Профессор Снейптың мына дәйексөзін аяқтаңыз "..... бетке өтіңдер/қараңдар!"
394
Мақалдың мәнін аш:
Құлқынның құлы болу
Ақшаға құл болу
Романда Кенесары ханның 1837-1847 жылдар арасындағы Ресей империясының қазақ жерінің отаршылығына қарсы күрес туралы айтылады.
Бұл қандай кітап?
Қаһар" романы – Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясының үшінші кітабы.
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
Кімнің сөздері - ойлары?
Міржақып Дулатұлы
Кока кола компаниясының ең алғашқы мұражайы қай қалада орналасқан?
Атланта
"Home alone" фильмі нешінші жылы шыққан
?
1990
Мақалды жалғастыр:
Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
Кіші жүзді найза беріп жауға қой.
"Абай жолы" романы бойынша Абайдың ең жақын досы кім?
Ербол
Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанған кім?
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.
Қаржылық қорғаныс, қаржы қауіпсіздігі, қаржы тәуелсіздігі деген не?
Қаржылық қорғаныс - қор құру
Қаржы қауіпсіздігі - көбейту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляциядан сақтау
Қаржы тәуелсіздігі - бірнеше табыс көзін, рухани дамыту
Қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен ...... көркем фильмі жасалды. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады.
"Амангелді (фильм)" (1938, реж. М.З. Ленин)
Мақал және мәтелдің айырмашылығын айтыңыз. Мысалдар келтіріңіз.
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап береді, қорытылған ой айтады. Мысалы, "Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді".
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мысалы, "Ұлымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай.
Қазақ әдебиетіндегі әйел теңдігі көрінісі бар кітаптарды атаңыз.
1. "Бақытсыз Жамал" Міржақып Дулатов
2. "Қамар сұлу" Сұлтанмахмұт Торайғыров
3. "Ұлпан" Ғабит Мүсірепов
4. "Ақбілек" Жүсіпбек Аймауытов
5. «Махаббат, қызық мол жылдар» Әзілхан Нұршайықов
6. «Ботагөз» Сәбит Мұқанов
7. "Шұғаның белгісі" Бейімбет Майлин
8. "Қорғансыздың күні" Мұхтар Әуезов
9. "Шолпанның күнәсі" Мағжан Жұмабаев
10. "Аққыз" Ақселеу Сейдімбек
Өлеңнің авторын табыңыз
«Бақыт деген не өзі?», – деп бастады топ таласты. Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты. Бірі айтады: «Бақыт деген – барлық, байлық емес пе? Керегінше киіп ішсең, бақыттысың емес пе?». Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой. Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой». Бірі айтады: «Бақыт деген – жүйрік мініп, той тойлау. Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карта ойнау». Бірі айтады: «Бақыт деген – адал жар мен перзент қой. Ынтымаққа ырыс келген, ол да соған ермек қой». Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым. Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым. Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да, Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда. Үміт үзбей іздейді олар, тыңдап сол бір жақұтты, Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты
Мұқағали Мақатаев
Аркадтың табысқа жетудегі жеті ережесін айтыңыз
Бірінші ереже: әмияндарыңызды толтыруды бастаңыздар.
Екінші ереже: өз шығыныңды бақыла.
Үшінші ереже: байлығыңызды көбейтіңіз.
Төртінші ереже: өз байлығыңды жоғалтудан сақтан.
Бесінші ереже: өз тұрғын үйіңді табысты кәсіпорынға айналдырыңыз.
Алтыншы ереже: болашағыңды табыспен қамтамасыз ет.
Жетінші ереже: табыс табу біліктілігіңді жетілдір.
Қандай географиялық жердің туы?
![]()
Бермуд аралдары