ҚҰ
Қ
Ы
Қ
100

Сыныпта досыңнан қарындашты сұрадың, бірақ ол саған бермей қойды.  Сенің әрекетің?

Оның таңдауын құрметтеу,басқалардан сұрап көру

.Құқық:жеке меньшік құқығы

100

Досың сенің үй тапсырмаңды көшіргісі келеді. Бұл дұрыс па? Сен не істейсің?

Досыңа бұл дұрыс еместігін түсіндір. Оған көмектескің келсе, тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіріп беру.

Құқық:   Білім алу құқығы

100

Сыныптасың ойын кезінде сенімен кішігірім нәрседен ұрысып қалды. Не істейсің?

Сабыр сақтап, оған өзіңе ұнамайтын әрекет жасағанын түсіндір. Мәселені бейбіт жолмен шешуге тырыс.

Құқық:

    •    Құрмет пен қадір-қасиет құқығы.

100

Досың саған өзінің кітабын бергенін айтады, бірақ сен оны алмағансың. Не істеу керек?

Шындықты түсіндіріп, қажет болса, бірге іздеуге көмектес.

Құқық:

    •    Ар-намыс пен адалдық құқығы.

200

Достарың ойын ережесін бұзып, сені ойыннан шығармақшы. Сен қалай әрекет етесің?

Ойынның әділ өтуін талап ет. Ережені бұзудың дұрыс еместігін барлығына еске сал.

Құқық:

    •    Әділдік және теңдік құқығы.

200

Сенің үстеліңдегі дәптерді басқа оқушы сұрамай алды. Сен не істейсің?

Оған өз затыңды рұқсатсыз алудың дұрыс еместігін сыпайы түрде түсіндіріп, дәптерді қайтаруды сұра.

Құқық:

    •    Жеке меншік және жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы.

200

Бір сыныптасың сенің жақсы жазған шығарманы көшіріп, мұғалімге өз еңбегі ретінде тапсырды. Сен не істейсің?

Мұғалімге жұмысты шын мәнінде кім жазғанын сабырмен және дәлелмен айтып жеткіз.

Құқық:

    •    Авторлық және әділдік құқығы.

200

Ойын кезінде басқа бала жарақат алып қалды. Сенің әрекетің қандай болады?

Мұғалімге немесе ересек адамға дереу хабарла. Жарақат алған балаға алғашқы көмек көрсетуге тырыс.

Құқық:

    •    Денсаулық пен қауіпсіздік құқығы.

300

Сыныптастарың басқа оқушыны мазақтап, оны күлкіге айналдыруда. Сен қалай әрекет етесің?


Құрдастарыңды тоқтатуға тырыс. Мұндай әрекеттің дұрыс еместігін айтып, қажет болса, мұғалімге хабарла.

Құқық:

    •    Ар-намысты қорғау және зорлық-зомбылыққа қарсы тұру құқығы.

300

Сенің ар-намысыңа тиетін сөздер айтып, басқа оқушылар сені мазалай бастады. Не істейсің?

Мұғалімге, мектеп психологына немесе ата-анаңа айтып, көмек сұра.

Құқық:

    •    Қорғаныс және қадір-қасиетті сақтау құқығы.

300

Достарың қауіпті затпен ойнап жатқанын көрдің. Сен не істейсің?


Оларға мұндай әрекеттің қауіпті екенін түсіндір. Дереу мұғалімге немесе ересек адамға хабарла.

Құқық:

    •    Қауіпсіздік және қорғаныс құқығы.


300

Көшеде кішкентай бала адасып жүргенін байқадың. Сен не істейсің?

Баланы тыныштандырып, ата-анасын табуға көмектес. Ересектерге немесе полицияға хабарла.

Құқық:

    •    Қорғаныс және көмек алу құқығы.

400

Сіз қоғамдық орынға барған кезде қауіпсіздік қызметкері сізден жеке заттарыңызды тексеруді талап етті. Мұндай жағдай дұрыс па?

Сіздің жеке мүлкіңізге қатысты құқық бұзушылықты болдырмау үшін тексеру заңды негізде жүзеге асырылуы тиіс. Қауіпсіздік қызметкері тексеруді тек құқық қорғаушы органдардың сұрауы бойынша немесе сіздің келісіміңізбен ғана жүргізе алады.

Құқық: Жеке меншікке қол сұғылмаушылық құқығы.

400

Сіз жұмыс істеп жүрген мекемеде еңбек шарттары мен жұмыс уақытын сақтау туралы бірнеше рет өтініш жасағансыз, бірақ жұмыс беруші сіздің құқықтарыңызды елемей отыр. Не істеу керек?

Бұл жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес әрекет ету қажет. Өз құқығыңызды қорғау үшін жұмыс берушімен ресми түрде сөйлесу немесе еңбек инспекциясына шағымдануға болады.

Құқық: Еңбек ету құқығы және еңбек шарттары бойынша қорғау құқығы.

400

Сіз мектепте бола тұрып, мұғалімге тапсырмаңыздың бағасын қайта қарауды сұрадыңыз. Мұғалім сіздің өтінішіңізді елемей, сіздің пікіріңізді тыңдамай қойды. Бұл жағдайда не істеуіңіз керек?

Мұғалімнің әрекеті заңсыз деп есептеледі, сондықтан сіздің құқығыңыз – өз пікіріңізді білдіру және әділ бағалау алу. Мұғалімге немесе мектеп әкімшілігіне шағымдануға болады.

Құқық: Білім алу және әділ бағалау құқығы.

400

Сіз жаңа үйге көшіп келдіңіз және көршілеріңіз сіздің жеке өміріңізге араласып, сіздің отбасыңыз жайлы сұрақтар қойып жүр. Сіз оларға өзіңіздің жеке өміріңізді ашып айтқаныңыз дұрыс па, жоқ па?

Сіздің жеке өміріңіз құпия болып табылады, сондықтан көршілердің сұрақтарына жауап бермей, жеке өміріңізді құрметтеу қажет.

Құқық: Жеке өмірдің құпиялығын қорғау құқығы.

M
e
n
u