Эстетизм Эстетизм
Неолингвизм
Структуралық лингвистика
Этнографиялық лингвистика
Кеңестік тіл білімі және түркі тіл ғылымы
100

Эстетизм мектебінің негізгі принциптері баяндалған еңбектерді атаңыз.

 К.Фосслер 

"Тіл - біліміндегі позитивизм мен идеализм" /1904/

 "Тіл- творчество жене даму" /1906/

100

Неолингвизм де жас грамматизм бағытына қарсы XX ғасырдың бас кезінде Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар .......



Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте, (1904), В.Пизани (1899 ) 

100

Прага мектебі өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде қай жылы және кімнің бастауымен қалыптасқан?  

Прага мектебі. Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан. Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В. Матезиус (1882—1945).

100

Алғашқы этнолингвистикалық зерттеулер ретінде мына еңбектерді атауға болады: .......

 Эдуар Сепирдің 1921 жылы шыққан «Тіл», 1929 жылы шыққан «Лингвистиканың жайы», Б.Уорфтың «Тіл, ойлау және шындық» (1959) жинақтары. Л.Вайсгербердің «Неміс тілінің күші» туралы төрт томдық еңбегі.

100

Кеңес тіл білімінің философиялық негізі тілдің әлеуметтік мәні жайындағы проблемалар болатын. Бүкіл совет ғылымының солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі — маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. Осы талап тұрғысында жазылған еңбектер қатарына......

Олардың қатарына В, Н. Волошиновтың 1929 жылы шыққан «Марксизм и философия языка»,  Шордың «На путях к марксистской лингвистике» (1931), «Языковедения и материализм» (1929—1931), Е. Д. Поливановтың «За марксистское языкознание» (1931), Е. М. Рыттың «Ленин о языке и язык Ленина» (1931) деп аталатын еңбектерін және көптеген мақалаларды жатқызуға болады.

200

Олар: тіл - индивидуалдық рухани творчество... Сөйлеудің барлық түрі де индивидуалдық рухани әрекет дей келе тіл білімінің бастамасын, негізін қай саламен байланыстырады ?

Тіл білімінің бастамасы, негізі - стилистика. Стилистика - эстетиканың бір саласы. Олай болса, тіл білімі эстетиканың бөлінбейтін бір бөлшегі деген қорытынды жасайды.

200

Неолингвизм өкілдерінің жас грамматисттерден артықшылығы неде болды?

Неолингвизм өкілдерінің жетістігі— лингвистикалық география ілімінің принциптерін айқындап, жетілдіріп, оны салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ендіріп тартты. Жас грамматистер тілді бір ғана диахронды жағынын зерттесе, неолингвистер оны синхрондық жағынан да зерттейді.

200

Глоссаматикалық бағыттың теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек?

Глоссаматикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания лингвисі профессор Луи Ельмслев (1899—1965). Бұл мектептің теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек—Ельмслевтін 1928 жылы жарияланған «Жалпы грамматиканың негіздері» атты кітабы.

200

Э.Сепир тілге қандай анықтама берді?

Э.Сепир тіл - әлеуметтік шындықты түсіндірудің құралы, адамдар, белгілі мөлшерде, өз тілінің ықпалында болады, тіл мінез-құлық нормасына да әсер етеді, халықтың мәдени дәрежесін оның тілін зерттемей тұрып түсіну мүмкін емес, тіл - әлеуметтік шындықты түсіндірудің жетекші құралы дейді.



200

Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында «Тіл туралы жаңа ілім» немесе «Яфет тіл ғылымы» деп аталады. Ол маркстік-лениндік идеяны басшылыққа алған тіл білімін қалыптастыру мақсатында ізденістер барысында дүниеге келді. Бұл бағытты кім қалыптастырды?

Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында «Тіл туралы жаңа ілім» немесе «Яфет тіл ғылымы» деп аталады.  Мұны қалыптастырушы белгілі совет филологы және археологы Николай Яковлевич Марр (1864—1934).

300

Ал тіл индивидумның табысы болса, ол қалайша катынас құралы бола алады деген сұрауға эстетизм мектебінің басшысы К. Фосслер қалай жауап берді?

Егер адамдар тіл арқылы өзара қатынас жасай алатын болса, ол тілдік заңның, тілдік материалдардың немесе тілдік құрылымның жалпылығынан емес, тілдік дарындылықтың, қабілеттіліктің жалпылығынан, ортақтығынан болады.

300

Неолингвизмнің ең басты кемшіліктері.....

Неолингвизмнің ең басты кемшіліктері — тілдің жүйелік, құрылымдық сипатына жеткілікті мән бермей, экстралингвистикалық мәселелерге көп көңіл бөлулері, тіл өміріндегі индивидуумдар ролін асыра бағалаулары болды.

300

Дескриптивистер тіл — ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін қандай екі салаға бөледі?


Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, менталингвистика, фонетика, паралингвистика (интонация, ымдау-нұсқау сияқтыларды зерттейді) деп аталатын салаларды қамтиды.

Микролингвистика сөздік сигналдарды сипаттайды, бірақ оны сипаттағанда металингвистикалық жайттарға, яғни сыртқы өмірмен байланысқа, тарих мәселелеріне,тілдің семантикалық жағына көңіл аудармайды, оның материалдық жағын ғана зерттейді.


300

Сепир –Уорф (ХХ ғ.) тілдік ықтимал болжамының мәнісі: 


”Адамдар объективті заттар мен қоғамдық қызмет әлемінде ғана өмір сүрмейді, сонымен бірге адамдар сол қоғамда қарым-қатынас құралы болып отырған тілдің де ықпалында болады.”

300

Кеңес тіл білімі әлем тіл білімі алдында тұрған қандай проблемаларды шешуде өз үлесін қосты?  

Тілдің құрылымы, жүйесі, тілдің таңбалық сипаты, ішкі, сыртқы лингвистикалық факторлардың тіл өмірінде алатын орны, тіл зерттеудегі сандық және сапалық тәсілдер, тілдердің грамматикалық құрылысы мен типологиялық классификациясы мәселесі; тіл мен ойлау; тіл мен қоғам; тіл мен мәдениет, тілдердің даму заңдылығы т. б.

M
e
n
u