Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше ме?
Ия
Қазақстандағы ең ірі ұлттық компаниялардың бірі
ҚазМұнайГаз
Экономикалық дамудың басты мақсаты не?
Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру.
Фирманың негізгі мақсаты қандай?
Пайда табу.
«Инновация» дегеніміз не?
Жаңалық енгізу, жаңа өнім немесе технология.
Қазақстан экономикасының негізгі драйвер саласы қайсы?
Мұнай-газ
Дамушы елдерде басты мәселе қандай?
Жұмыссыздық пен кедейшілік.
Ақша қандай қызмет атқарады?
Айырбас құралы.
«Электрондық коммерция» (E-commerce) дегеніміз
Онлайн тауар және қызмет сату
«Тұрақты даму» ұғымын қалай түсінесіз?
Қазіргі қажеттіліктерді қанағаттандырып, келешек ұрпақтың мүмкіндіктерін шектемейтін даму.
Жекешелендірудің негізгі мақсаты не?
Мемлекеттік кәсіпорындарды жеке меншікке беру
Инклюзивті даму нені білдіреді?
Барлық адамдарға тең мүмкіндік беру.
Монополия дегеніміз не?
Нарықта жалғыз өндіруші үстемдік ететін жағдай.
«Қазақтелеком» қандай салада қызмет етеді?
Байланыс және телекоммуникация
Қазақстан қай елмен «Бір белдеу – бір жол» бастамасында белсенді серіктес?
Қытай
Қазақстанда аграрлық сектордың негізгі өнімі қайсы?
Бидай
Адами капитал дегеніміз не?
Білім, дағды және денсаулық арқылы экономикалық құндылық
Нарықта жалғыз сатушы болғанда не болады?
Монополия
Astana Hub қандай орталық?
IT-стартаптар халықаралық технопаркі
«Жасыл энергияның» басты артықшылығы қандай?
Қоршаған ортаға зиян келтірмейді.
«Қазақстан – 2050 стратегиясының» басты мақсаты қандай?
Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу.
Қазақстанда халықтың ең көп шоғырланған аймағы қайсы?
Алматы облысы және Алматы қаласы.
Нарық дегеніміз не?
Сатушы мен сатып алушы кездесетін орын.
Қазақстандағы eGov.kz порталы не үшін қолданылады?
Азаматтарға онлайн мемлекеттік қызмет көрсету үшін.