Жай және құрама сандар дегеніміз не?
1-ге және өзіне бөлінетін сандар жай сандар деп аталады.
Құрама сан — 1 мен өзінен басқа бірнеше санға бөлінетін сан.
Санның соңғы цифры 0 мен 5 болса, ол қай санға бөлінеді?
5 ке бөлінеді
1-ге тең бір ғана ортақ бөлгіші бар натурал сандар қандай сандар деп аталады?
өзара жай сандар
Дұрыс және бұрыс бөлшек дегеніміз не?
Дұрыс бөлшек-алымы бөлімінен кіші бөлшек.
Бұрыс бөлшек- алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең бөлшек
Қандай зат өзіңізге тиесілі болса да, басқалар көп пайдаланады?
өз есімің
1 саны жай сан ба?
Жоқ, ол жай да, құрама сан да емес.
3 және 9 сандарының бөлінгіштік қасиеті
Егер санның цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, онда сол сан 3-ке де бөлінеді.
Егер санның цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе, онда сол сан 9-ға бөлінеді.
72 мен 96 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін тап
24
Бұрыс бөлшекті аралас бөлшек түрінде жаз:
47/10
төрт бүтін оннан жеті
Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Үш оқушы мектепке қанша минутта жетеді?
15 минутта
50 мен 60 сандар арасындағы жай сандарды ата.
53, 59
420 саны 2,3 және 5 ке бөліне ме?
Иә, соңғы цифры 0 → 2 және 5-ке; цифрлар қосындысы 6 → 3-ке бөлінеді.
16 мен 12 сандарының ең кіші ортақ еселігі
48
Қай бөлшек үлкен: 3/5 немесе 2/3
2/3
Тауық бір аяқпен түрғанда 12 кг, ал екі аяғымен тұрса қанша кг болады?
12 кг
1 мен 30 аралығындағы барлық тақ жай сандарды ата
3, 5, 7, 11, 13, 17, 19,23,29
156 саны 6 ға бөліне ме?
бөлінгіштік белгілері бойынша дәлелде
Иә, себебі 2-ге бөлінеді (соңғы цифры 6), және 3-ке бөлінеді (1+5+6=12 → 3-ке бөлінеді).
156 мен 390 санының ең үлкен ортақ бөлгіші
78
185/315 бөлшегін қысқарт
4/7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29 30 31
берілген сандардан қатесін табыңдар.
14 саны жоқ
Егер санның бөлгіштерінің саны тек екі болса, ол қандай сан?
жай сан
378 саны 2,3,6,9 сандарына бөліне ме? Неліктен?
Иә, бәріне бөлінеді. Себебі соңғы цифры 8 → 2-ге бөлінеді; 3+7+8=18 → 3 пен 9-ға бөлінеді; ал 2 және 3-ке бөлінсе → 6-ға да бөлінеді
18 және 15 сандарының ең кіші ортақ еселігі
90
Қорапшада 12 қалам бар. Оның 2- еуі қызыл түсті, 6 көк түсті, қалғаны жасыл түсті. Қорапшадағы қаламдардың қандай бөлігі қызыл түсті, қандай бөлігі көк түсті, қандай бөлігі жасыл түсті?
2/12; 6/12; 4/2
Үш дос — Айдос, Нұржан және Бекзат — жарысқа қатысты. Айдос Нұржаннан бұрын келді, бірақ Бекзаттан кейін келді. Кім бірінші келді?
Бекзат