Базалық деңгей
Талдау деңгейі
Орта деңгей
Талдау деңгейі
Жоғары деңгей
100

Бюджет дефициті деген не?

Бюджет шығыстарының бюджет кірістерінен артық болуы.

100

Неліктен әлеуметтік шығындардың өсуі бюджет тапшылығын арттырады?

Себебі мемлекет зейнетақы, жәрдемақы, білім және денсаулық сақтау саласына көп қаржы жұмсайды.

100

Бюджет тапшылығының негізгі себептерінің бірін атаңыз.

Экономикалық дағдарыс.

100

Экономикалық дағдарыс кезінде неге бюджет тапшылығы көбейеді?

Себебі кәсіпорындардың табысы азайып, салық түсімдері төмендейді, ал мемлекет әлеуметтік шығындарды көбейтеді.

100

Бюджет тапшылығының негізгі себептерін атаңыз.

Экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шығындардың өсуі, әскери шығындардың артуы, табиғи апаттар, салық жүйесінің тиімді болмауы.

200

Бюджет тапшылығының формуласы қандай?

Бюджет тапшылығы = Бюджет шығыстары – Бюджет кірістері.

200

Мемлекеттік қарыз экономиканың дамуына қалай әсер етеді?

Ол инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

200

Циклдық бюджет тапшылығы қандай жағдайда пайда болады?

Экономикалық құлдырау кезінде.

200

Неліктен мемлекет кейде әдейі бюджет тапшылығын жасайды?

Экономиканы ынталандыру және инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін.

200

Циклдық тапшылық деген не?

Циклдық тапшылық – экономикалық циклге байланысты пайда болатын бюджет тапшылығы. Экономикалық құлдырау кезінде салық түсімдері азайып, мемлекет шығыстары көбейгенде туындайды.

300

Егер кірістер шығыстардан көп болса, бұл қалай аталады?

Бюджет профициті.

300

Ақша эмиссиясы неліктен қауіпті болуы мүмкін?

Ол инфляцияның өсуіне алып келуі мүмкін.

300

Мемлекеттік қарыздың негізгі екі түрі қандай?

Ішкі қарыз және сыртқы қарыз.

300

Сыртқы қарыздың экономикаға қандай тәуекелдері бар?

Экономикалық тәуелділік, валюталық тәуекел және қарыз жүктемесінің өсуі.

300

Құрылымдық тапшылық деген не?

Құрылымдық тапшылық – экономиканың құрылымдық мәселелеріне байланысты ұзақ уақыт сақталатын бюджет тапшылығы. Яғни бюджет кірістері тұрақты түрде шығыстарды жаба алмайды.

400

Мемлекеттік қарыз деген не?

Мемлекеттің белгілі бір мерзімге пайыз төлеу және қайтару шарттарымен алған қаржылық міндеттемелері

400

Қаржы нарығының экономикадағы рөлі қандай?

Капитал ағынын қамтамасыз етеді және инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

400

Микро қаржы ұйымы деген не?

кіші және орта бизнеске шағын несие беретін ұйымдар

400

Неліктен инфрақұрылымдық жобалар көбіне мемлекеттік қарыз арқылы қаржыландырылады?

Себебі мұндай жобаларға үлкен қаржы қажет және олардың қайтарымы ұзақ мерзімде болады.

400

Уақытша тапшылық деген не?

Уақытша тапшылық – қысқа мерзімді қаржылық қиындықтар немесе уақытша табыс жетіспеушілігі салдарынан пайда болатын бюджет тапшылығы.

500

Қазақстанның орталық банкі қалай аталады?

Қазақстан Ұлттық банкі

500

Неліктен көлеңкелі экономика бюджет кірісін азайтады?

Себебі ол салық түсімдерінің төмендеуіне әкеледі.

500

Валюта айырбастау операцияларын қай ұйым жүзеге асырады?

Айырбастау пункттері.

500

Қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі ел экономикасына қалай әсер етеді?

Экономикалық өсуді қамтамасыз етеді, инвестиция тартуға мүмкіндік береді және қаржылық тұрақтылықты сақтайды.

500

Нақты тапшылық деген не?

Нақты тапшылық – мемлекеттік бюджетте ресми түрде көрсетілген және есептеулер арқылы анықталған бюджет тапшылығы.