Пәк шежіре
Сахабалар
Шайқас
Асыл аналар
Құран аяттары
10

Пайғамбарымыз ﷺ қай атасының өлімімен күнтізбе тізбектелген?

Кағб

10

Құран ілімін ең терең меңгерген сахаба кім?

Үбәй ибн Кағб р.а

10

Мута шайқасында Жағфар ибн Абу Талибтен кейін туды кім алды?

Абдулла ибн Уарақа р.а

10

Ухуд шайқасында Пайғамбарымыз с.а.с ды қорғаған жалғыз сахаба әйел адам кім?

Насиба бинт Каа'б Алмазиния  р.а

10

Пайғамбарымыз с.а.с ұйықтар алдында қандай дұғаны оқып жатқан?

"Аллахумма бисмика амуту уа ахия" (сенің есіміңмен ұйықтаймын және оянамын) деп дұға ететін

20

Пайғамбарымыз ﷺ ның әулеті қалай аталған?

Һашимилер әулеті

20

“…Сахабалардан Құран жаттап, Ислам шариғатын меңгеру үшін және оны жадында сақтау үшін үйренгендерін қайта-қайта қайталап жаяу жүретін. Тіпті кей кездері он бес шақырымдай артқа қалдырып Құран жаттап кете беретін де, қайта кері қайтатын…”

Сұрақ: Қай сахаба туралы айтылған?

Абдулла Зулбәжәдәйн (Екі мата оранған Абдулла) шын есімі Абдушамс

20

Ражиғ оқиғасы һижреттің қай жылы қай айда орын алды?

һижреттің 4 жылы сафар айында

20

Пайғамбарымыз ﷺ Алланың үкімимен бұйрығымен яһудиден алған жалғыз әйел кім?

Сафия бинт Хаййай ибн Ахтаб

20

Пайғамбарымыз с.а.с қай ақын сахабасына мешітте мінбер жасатып береді?

Хассан ибн Сәбит р.а

30

Пайғамбарымыз с.а.с ның қай арғы Бәдрул Құрайыш деп аталған?

Абдуманаф (Муғира) себебі ол өте сұлу болған

30

Қай жорықта мұсұлмандар күндіз жасырынып демалып түнде ғана жүріп отырған және ол жорықты кім басқарды?

Зәтуссәләсил жорығы қол басшы болып Амр ибн Ас р.а барды 

30

Ражиғ құдығында Аллаһ елшісінің с.а.с 10 сахабасын қастандықпен өлтірген қай тайпа еді?

Бәну Лихйан тайпасы

30

Умму Хабиба р.а шын есімі?

Рамла бинт Әбу Суфиян р.а

30

Пайғамбар с.а.с неше қылышы және неше сауыты болған?

9 қылышы , 7 сауыты болған

40

Пайғамбарымыз ﷺ ның арғы атасы Құсай кімнің қызына үйленеді ?

Хузаға тайпасының көсемі Меккенің сол кездегі басшысы Хулайл ибн Хубшия деген кісінің қызына

40

Бәдір шайқасында муһажирлерден тұңғыш шейіт болған "Шейіттердің құрметтісі" атанған сахаба кім?

Миһжа р.а - садақтың оғы тиіп шейіт болады

40

Уланған етті жеп қайтыс болған сахабаның есімі?

Бишр ибн Барра ибн Мағрур

40

Мәймуна бинт Харис р.а мен Пайғамбарымыз с.а.с қай жылы қай жерде үйленген?

Һижраның 7 ші жылы  зул қағда айында Сариф деген жерде үйленген

40

Пайғамбарымыз ﷺ ға әкесінен мұраға қалған қылыштың аты?

Әл Масур

50

Пайғамбарымыз ﷺ қай арғы атасы Кинана,Хузейма және Хузаға тайпаларымен келісім құрды?

Абдуманаф 

50

Айша р.а анамызға жала жабылған кезде Пайғамбарымыз с.а.с ең бірінші болып қай сахабадан ақыл сұраған?

12 жасар Усама ибн Зәйд р.а 

50

Бәну Надир жорығына қатысты толықтай 1 сүре түсті ол қай сүре?

Хашр сүресі

50

Пайғамбарымыз с.а.с ның әйелдерінің ішіндегі медицина ілімін жетік менгерген және сол ілімнің білгірі болған әйел кім? 

Айша бинт Әбу Бәкір р.а

50

Пайғамбарымыз с.а.с яһудиге қарыздың орнына кепілдікке берген сауытының аты қандай?

Зәт Әл Фудул