1
Досатып жылатып айтады...
дұшпан күлдіртіп айтады.
Жүз теңге болғанша,
жүз досың болсын.
Жолдасы көптің —
олжасы көп.
Жаман достан...
мың сақтан.
Досы жоқ адам —
Тұзы жоқ тағам.
Дос басқа...
дұшпан аяққа қарайды.
Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.
Айырылмас досыңа
қайырылмас сөз айтпа.
Күлме досыңа –...
келер басыңа.
Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа,
жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа.
Ағаш тамырымен мықты, ...
Адам дос-жарымен мықты.
Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
Екі жақсы қосылса, өлгенінше дос болады;
екі жаман қосылса, өлгенінше қас болады.
Жауға – жалынба,...
досқа – тарылма.
Досы көпті жау алмайды, ...
ақылы көпти дау алмайды