Кино әлемі
Театр өнері
Грамматика
Экология
Әртүрлі
1

«Беткейде қарамы көпенедей ғана көмір үйіндісі жатыр. Оның қасында Әкім бір жігітпен қолбұранды ырғала бұрап тұр.» Үзінді қандай романнан алынған және  романның авторы кім?

Жауабы: «Қарағанды»романы,  авторы Ғабиден Мұстафин

1

М. Әуезов атындағы академиялық драма театры қай жылы дүниеге келген?

Жауабы: 1926 жылы құрылған.

1

Сан есімнің түрлерін ата.

Жауабы: 6 түрі бар: есептік, реттік, жинақтау, болжалдық, топтау, бөлшектік.

1

Арал теңізінің тартылуына қандай жағдай себеп болды?

Жауабы: Сырдария, Әмудария өзендерінің бұрып алу себебінен

1

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Бұл қай ақынның өлеңінен алынған?

Жауабы: Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау» өлеңі

2

Кино деген не, ол қанша салаға бөлінеді?

Жауабы: «Кино» гректің сөзі, «жылжытамын, жылжимын» деген мағынада. Кино 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі фильм, мултипиликациялық және ғылыми-көпшілік фильм.

2

– Жанбаса, құрып кетсін. Костюм, костюм деп төбемді оятын түрің бар ғой. Мен бір әдейі өртегендей... Бұл сөз «Әпке» пьесасындағы кімнің сөзі?

Жауабы: Қамажайдың сөзі

2

Есім сөздердің орнына жүретін қандай сөз табы бар және оның мағынасына қарай қанша түрі бар?

Жауабы: Есімдік, оны мағынасына қарай жетіге бөледі: жіктеу, сілтеу,     сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау.

2

Қазақ даласында қанша тонна қалдық пен қоқыс бар?

Жауабы: 22 миллиард тонна

2

Еламан, Рай, Ақбала, Шодыр, Тәңірберген қай романның кейіпкерлері? Жазушысы кім?

Жауабы: Ә. Нұрпейісов. «Қан мен тер»

3

Бішкекте  өткен «Ақ Ілбіріс» атты VI ұлттық киножүлдеде «үздік фильм » атанған отандық киноны білесің бе?

Жауабы: «Анаға апарар жол» фильмі

3

Театрдың алғашқы тізгінін ұстағандар кімдер?

Жауабы: М.Әуезов, Ж.Аймауытов, С.Қожамқұлов, Ш.Айманов

3

Септеулік шылауларды ата.

Жауабы: атау, барыс, шығыс, көмектес септігінен кейін келетін шылаулар.

3

Полиэтилен пакеттер қанша жыл шірімей жатады?

Жауабы: 200 жыл

3

Шәууал, зуль-хиджа айларында қазақтың қандай мерекелері бар?

Жауабы: Ораза айт пен Құрбан айт

4

Қазақ хандығы туралы түсірілген фильм қалай аталады?

Жауабы: «Алмас қылыш» фильмі

4

Қамажайдың философия ғылымдарының кандидаты деген атағын алу үшін диссертация қорғаған інісінің аты кім?

Жауабы: Ғалым Омар

4

Сөздердің байланысуының қанша түрлері бар?

Жауабы:Сөздердің байланысу түрі беске бөлінеді: қиысу, матасу,меңгеру, қабысу, жанасу.

4

Өнеркәсіптік жарамсыз қоқыс пен қалдық шығаруда орын алатын Қазақстанның қай қалалары?

Жауабы: Қарағанды, ШҚО, Қостанай, Павлодар.

4

Антон қайыршы туралы кімнің қандай әңгімесінде айтылады?

Жауабы: Ы. Алтынсарин. «Дүние қалай етсең табылады?»

5

Көшпелілердің тарихын зерттеп, қазақтың салт-дәстүрлері туралы тамаша жазбалар қалдырған итальяндық саяхатшы кім?

Жауабы: Саяхатшы Марко Поло

5

Әпке пьесасын кім жазған?

Жауабы: жазушы Д.Исабеков

5

Сын есімнің шырайларын ата.

Жауабы: Жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.

5

Елімізде қанша техногендік-минералдық түзілімдер обьектісі бар

Жауабы: 775 обьектісі бар

5

«Әуелі газет– халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзді кім айтқан?

Жауабы: Ахмет Байтұрсынұлы