Литосфера дегеніміз не?
Жердің қатты қабығы.
Эндогендік процестер дегеніміз не?
Жер қойнауындағы ішкі күштер әсерінен жүретін процестер.
Тау жынысы дегеніміз не?
Жер қыртысын түзетін қатты заттар.
Литосфера қандай қабаттардан тұрады?
Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігі.
Экзогендік процестердің мысалдарын ата.
Жел, су, мұз, температура әсерінен үгілу, мүжілу.
Тау жыныстарының негізгі үш түрін ата.
Магмалық, шөгінді, метаморфтық.
Жер қыртысының екі түрін ата.
Материктік және мұхиттық қыртыс.
Жер сілкінісі қай күштердің әсерінен пайда болады?
Ішкі (эндогендік) күштердің әсерінен.
Магмалық тау жынысы қалай түзіледі?
Магманың суып қатуынан.
Литосфера мен астеносфераның айырмашылығын түсіндір.
Литосфера – қатты қабық, астеносфера – жартылай балқыған, иілгіш қабат.
Жанартау атқылауы кезінде не жер бетіне шығады?
Магма (лава түрінде) және газдар.
Шөгінді тау жыныстары қалай пайда болады?
Судың, желдің, мұздың әсерінен жыныстардың үгітіліп жиналуынан.