Карапайым шартсыз рефлекстер мен жануарларға тән күрделі инстинкті мінез-құлық арасында қандай айырмашылық бар?
Қарапайым шартсыз рефлекстер туа біткен, тұрақты, орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері арқылы жүзеге асатын жеке реакциялар болса, күрделі инстинкті мінез-құлықтар да туа біткен, бірақ олар бірнеше рефлекстер тізбегінен тұратын күрделі, мақсатты әрекеттер жүйесі болып табылады
Шартты рефлекстерге төн ерекшеліктерді атап, мысал келтіріңдер
Шартты рефлекстер жеке ағзаның тіршілік ету барысында сыртқы ортаның әсерінен пайда болады. Олар тұқым қуаламайды және егер бекітпесе, жойылып кетуі мүмкін
Неліктен шартты рефлекстерді бекітпесе, жойылып кетеді?
Егер шартты тітіркендіргіш шартсызбен бірнеше рет нығайтылмаса, онда жойылатын тежелу дамиды, бұл рефлекстердің жойылуының негізінде жатыр.
Адам іс әрекетінде шартты рефлексті ұмытып қалуы мүмкін бе, мысал келтіріңіз
шартты рефлекстерді бекіттіріп отырмаса оның сөнуіне не тежелуіне алып келеді. Мысалы белгілі бір қауіппен байланысы бар дыбыстан уақыт өте келе қорықпай қалуы.
Жануарларды үйретушілер циркте рефлекстердің қандай түрлерін пайдаланады? Жауаптарыңды негіздеңдер.
Жануардың тағамды көргенде немесе иісін сезгенде сілекей бөлуі. Дрессировка кезінде бұл рефлекс мадақтау (дәмді тағам беру) үшін қолданылады. Жануар команданы орындағаннан кейін сыйақы алады, бұл оның әрекетін бекітуге көмектесед