Туризм дегеніміз не?
Белгілі бір мақсатпен уақытша орын ауыстыру.
Қазақстан Республикасында туристік қызметтің қай түрі міндетті лицензиялауға жатады?
Туроператорлық қызмет
2020 жыл туризм индустриясы үшін несімен есте қалды?
COVID-19 пандемиясы — шекаралардың жабылуы, халықаралық туризмнің тоқтауы.
Халықаралық және қазақстандық стандарт бойынша қонақ үйлердегі "есеп айырысу сағаты" (check-out time) әдетте қай уақыт болып бекітілген?
12:00 (Түскі 12)
Қазақстанда гид-экскурсовод болып жұмыс істеу үшін міндетті түрде не болуы керек?
Біліктілік сертификаты және мемлекеттік тізілімге ену.
Ішкі туризм дегеніміз?
Өзі тұратын ел ішінде саяхаттау.
Туристік лицензияны алуға өтінішті қазіргі уақытта қалай беруге болады?
"E-license" (eli.gov.kz) электронды порталы арқылы
2017 жылы Қазақстанда өткен ірі халықаралық туристік оқиға?
ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» көрмесі (Астана).
Қонақ үйдің қызмет көрсету деңгейін бағалайтын халықаралық жүйе қалай аталады?
Жұлдыздық рейтинг (1–5 жұлдыз).
Қазақстанда туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға қандай құжатқа ие болуы міндетті?
Лицензия
Қазақстанның туристік бағыттарын халықаралық нарықта ілгерілету және оның имиджін қалыптастыру үшін құрылған ұлттық компания қалай аталады?
"Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы.
Лицензияны алу үшін төленетін "лицензиялық алым" мөлшері неге байланысты?
АЕК (Айлық есептік көрсеткіш) мөлшеріне
2000 жыл — қай халықаралық ұйым Қазақстанды толыққанды мүше ретінде қабылдады?
Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO).
Қонақ үйдің негізгі бөлмелерін ата.
Стандартты бөлме, люкс, студия, апартамент.
ҚР заңнамасына сәйкес, туристік өнімді қалыптастыру, ілгерілету және сатумен айналысатын кәсіпкерлік қызмет түрі қалай аталады?
Туроператорлық қызмет.
Туристік өнімді сатпас бұрын компания міндетті түрде қандай нарықтық талдау түрін жүргізуі тиіс?
Туристердің сұранысын анықтайтын маркетингтік талдау (нарық сегментациясы, мақсатты аудитория, бәсекелестерді зерттеу).
Лицензия алу үшін негізгі талаптардың бірін ата.
Кепілдік жарна / персонал біліктілігі / кеңсе болуы.
1993 жыл — Қазақстан туризміндегі қандай маңызды оқиға болды?
«Туристік қызмет туралы» алғашқы заңның қабылдануы.
Шетелдік туристер Қазақстандағы қонақ үйлерге орналасқанда төлейтін арнайы төлем қалай аталады?
Туристік жарна (Bed tax)
Туристік қызметті көрсеткенде сақталуы тиіс қауіпсіздік стандарттарын кім бекітеді?
Мәдениет және спорт министрлігі
Туристік ресурстар түрлерін ата.
Табиғи, мәдени, тарихи, әлеуметтік-экономикалық.
Қонақүйлерді, хостелдерді, кемпингтерді, т.б. жұлдыздық деңгей бойынша жіктеу рәсімі қалай аталады?
Сертификаттау.
Қай жылы Қазақстанда туристік қызметті лицензиялау және реттеу рәсімдерін анықтайтын Заң қабылданды?
2001 жыл.
Қазақстанда қонақ үйге "жұлдыз" (категория) алу процесі қалай жүзеге асады?
Арнайы аккредиттелген ұйымдар арқылы расталады.
Шетелдіктердің Қазақстанға келуін жеңілдету үшін енгізілген электронды виза жүйесі қалай аталады?
E-Visa