Қысым деген не?
Қысым – бетке перпендикуляр әсер ететін күштің сол беттің ауданына қатынасы.
Біртекті сұйық құйылған қатынас ыдыстарда сұйық деңгейі қалай орналасады?
Бір деңгейде болады.
Атмосфералық қысымды алғаш өлшеген ғалым кім?
Торричелли
Архимед заңы нені сипаттайды?
Сұйыққа батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш әсер етеді.
Гидравликалық машинаның жұмысы қандай заңға негізделген?
Блез Паскаль заңына.
SI жүйесінде қысымның өлшем бірлігі қандай?
Па
Су құбыры жүйесі қандай принципке негізделген?
Қатынас ыдыстар принципіне.
Атмосфералық қысым дегеніміз не?
Ауаның жер бетіне түсіретін қысымы.
Архимед күшінің формуласы қандай?
Дұрыс айтасың
Кіші поршень ауданы 2 см², үлкен поршень ауданы 20 см². Күштен қанша ұтыс болады?
10есе
Қысымның формуласы
p=F/S
Қатынас ыдыстар дегеніміз не?
Төменгі бөліктері бір-бірімен жалғасқан ыдыстар.
Қалыпты атмосфералық қысым неше мм сын.бағ?
760 мм сын.бағ.
Дененің жүзу шарты нешеу?Толық айтып шық.
Архимед күші ауырлық күшіне тең болса, дене жүзеді.
Архимед күші ауырлық күшінен үлкен болса, дене қалқиды.
Архимед күші ауырлық күшінен кіші болса, дене батады.
Паскаль заңының мәні қандай?
Сұйыққа түсірілген қысым барлық бағытта бірдей беріледі.
200 Н күш 4 м² ауданға әсер етеді. Қысымды тап.
50 Па
Егер қатынас ыдыстарға тығыздықтары әртүрлі екі сұйық құйылса, деңгейлері бірдей бола ма?
Жоқ, тығыздығы үлкен сұйықтың биіктігі аз болады.
Атмосфералық қысым биіктік артқанда қалай өзгереді?
Азаяды.
Неліктен су астында тұрған денені көтеру ауадағыға қарағанда жеңілірек?
Себебі су денеге жоғары бағытталған Архимед күшін түсіреді. Бұл күш дененің ауадағы салмағынан азайтып көрсетеді. Сондықтан дененің «судағы салмағы» азаяды.
Гидравликалық престің қолданылу саласын ата
Автокөлік көтергіштерінде, престерде.
Неге үшкір пышақ жақсы кеседі?
Ауданы аз болғандықтан қысым артады, сондықтан кесу жеңіл болады.
Қатынас ыдыстардың формуласы қандай?
р1=р2
Неге тауда су төмен температурада қайнайды?
Себебі атмосфералық қысым азаяды, сондықтан қайнау температурасы төмендейді.
Неге темір кеме суға батпайды?
Кеменің орташа тығыздығы судан аз, сондықтан Архимед күші оны ұстап тұрады.
Неге гидравликалық машинада күштен ұтамыз
Гидравликалық машинада күштен ұтамыз, себебі қысым бірдей беріледі, ал аудан үлкейген сайын күш те артады.