an=7n+3 формуласымен анықталатын тізбектің ең үлкен үш таңбалы мүшесі:
Менің атым Медет. Менің ағамның бір ғана ағасы бар. Менің ағамның інісінің аты кім?
Медет
Сыныпта 9 ұл және 11 қыз бар. Осы оқушылардан 4 ұл мен 2 қыздан тұратын волейбол командасын неше тәсілмен жасақтауға болады?
6930

64
Зауыттағы өндіріс цехы жұмысшылары бір ауысымда 3280 бұйым жонып дайындауды жоспарлаған. Бірақ, цех жұмысшылары ауысым жоспарын 15%-ке артық орындады. Цех жұмысшылары осы ауысым кезінде қанша бүйым жонып дайындағанын анықта
2882^1212024 саны қандай цифрмен аяқталады?
6
Атадан 10 баламыз
Бір - бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз
ЦИФРЛАР
Айнұр 12; 13; 2; 21; 5; 25; 27; 31; 33; 7 берілген сандардың біреуін өшірді. Өшірген санның жай сан болу ықтималдығын табыңыз.
0,4
Дөңгелектің радиусын 23 %-ға арттырса, оның ауданы неше пайызға артады?
Бір ыдыстың 60%-ын теңіз суымен, қалғанының 50%-ын құдықтың суымен толтырды. Ыдыстың неше пайызы бос қалды?
20%
Орманда аңщы аң аулап жүр. Дала аппақ қар. Орманда қоян қасқыр аю бар еді. Аңшы қоянды атайын дегенде мылтығына шыбын қонып алды, кім бірінші өледі?
Қыста шыбын болмайды
4-ші қатардағы сандарды қалған үш қатардан нақты не нәрсе білдіріп тұр?
312831303130313130313031
312831303130313130313031
312831303130313130313031
312931303130313130313031
4 жылда бір келетін ақпанның 29-ы түсетін күн.
ТАЛПЫН сөзінің әр әрпі жеке карточкаға жазылып, ол карточкалар мұқият араластырылды да, қарамай 4 карточка алынып, бір қатарға қойылды. Сонда АЛТЫ сөзінің шығу ықтималдығын анықтаңыз.
1/360
Тікбұрышты параллелепипедті пішінде хауыздың ұзындығы 50 м, ені 8 м, биіктігі 3 м-ге тең. Хауыздың жақтары мен түбін плиткамен жапсыру үшін қанша плитка керек, егер 1 м2 -ге 100 плитка қажет болса?
74 800
Автокөлік екі елді мекеннің арасын 110 км/сағ жылдамдықпен 2 сағ жүрді. Автокөлік жылдамдығын 10-ға азайтса осы қашықтықты неше сағат жүретін еді
2,4 сағ
LUCKY BOX!
+400 балл
Егер 1-ден бастап 100-ге дейінгі сандарды теріп жазсақ, 100-ші тұрған сан 100-ге тең болады. Ал 100-ші тұрған ЦИФР қандай цифр?
5
Екі ойын сүйегі бір мезгілде лақтырылды. Кемінде біреуінде 5 шығуының ықтималдығын анықтаңыз.
11/36
Суретте ұзындығы 36 см болатын шеңберге іштей бес тең шеңберлер салынған. Боялған бөліктің ауданын табыңыз.

pi=3
48
Катер ағыспен 3 сағат және ағысқа қарсы 5 сағат жүзіп, барлығы 76 км жол жүрді. Егер оның ағыспен 6 сағатта жүрген жолы ағысқа қарсы 9 сағатта жүрген жолына тең болса, онда катердің меншікті жылдамдығын табыңыз.
10
Ағашты 3 бөлікке бөлгенге 150 тг ақы төленеді. 11 бөлікке бөлгенге қанша теңге ақы төленеді?
750
Менде 8 жұмыртқа болды, екеуін жардым, екеуін қуырдым, екеуін жедім. Қанша жұмыртқа қалды?
6 қалады
Төрт ойын сүйегі лақтырылған. Төрт сүйекте түскен ұпайлардың барлығы өзара тең болу ықтималдығы қандай?
1/216
Ақ параққа өзара параллель бірнеше түзу жүргізілген. Түзулер 3 түсті: қызыл, көк, жасыл. Парақ қызыл түзулер арқылы 4 бөлікке, көк түзулер арқылы 5 бөлікке, ал жасыл түзулер арқылы 6 бөлікке бөлінеді. Парақ барлық түзулер арқылы неше бөлікке бөлінеді?
13
Стакандағы 100 грамм ерітіндінің құрамындағы қанттың концентрациясы 15% еді. Оның үстіне тағы 250 грамм қайнаған су құйылып, 50 грамм қант салынды. Пайда болған ерітіндінің құрамындағы қанттың концентрациясын табыңыз.
16,25%